1. Қу, айлакер адамдарды халық қандай аң бейнесінде суреттегенін белгілеңіз.
2. Мақалдағы көркемдік өрнекті табыңыз.
Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді,
Елін сүйген еріне, ел тілеуін береді.
3. «Алтын сақа» ертегісінде жанынан қорыққан байдың жалмауызға бермек болған нәрсесін атаңыз.
4. Қазақ өлеңдерін Шоқан қаншаға бөлгенін анықтаңыз.
5. «Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен« деген үзінді қай шығармадан алынғандығын табыңыз.
6. Жамбыл: ‘‘Жата алмаймын төсекте, жаным қалай жайланат", - деген жолдарды неге айтқанын табыңыз.
7. Байжан, Айбарша, Дәулет - С. Мұқановтың қай шығармасының кейіпкерлері екенін табыңыз.
8. Солақай сыншылар «Абай жолына» көк сүңгі сілтеп, М. Әуезов басына әңгір таяқ ойнатқанда ара түсіп, мақала жазған жазушыны табыңыз.
9. Аз сөйлер де көп тыңдар
Хас асылдың баласы…
Жаманнан туған жақсы бар.
Атасын айтса нанғысыз, - деген үзіндінің авторын табыңыз.
10. «Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың қою шашы қап - қара, кең маңдайы кере қарыс, көзінде ақыл тұнып тұр, орысшаға жетік, ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз». (В. Попов) Бұл пікірдің кім туралы айтылғанын табыңыз.
11. Ы. Алтынсариннің туған жылын табыңыз.
12. Бейімбет Майлиннің қоғамдық маңызы ұлкен әлеуметтік мәселелерді қозғайтын поэмасын белгілеңіз.
13. Ер Тарғын жырындағы дана, батагөй қарияның атын табыңыз.
14. Қартқожа романының авторын табыңыз.
15. І. Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасындағы Құлагер кімнің жүйрік аты екенін табыңыз.
16. Ғ. Мұстафин қай жылдары өмір сүргенін белгілеңіз.
17. Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген ақынды табыңыз.
18. В. В. Радлов неміс тіліне аударып бастырған жырды табыңыз.
19. Асан қайғы әкесінің кәсібі не болғанын белгілеңіз.
20. Жамбыл қай кезде айтып еді:
"Наградталған мен емес, қазақтың халық поэзиясы".
21. Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романына тән (лайықты) қатар.
22. Мына өлең жолдарындағы асты сызылған сөздер қандай көркемдеу құралына жататынын анықтаңыз.
"Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес"
23. Әбілхасан Рудакидің қай жерде туғанын табыңыз.
24. Жағаға дұспан қолы тимеске
Артында туысқанның көбі игі. Үзінді қай шығармадан алынғанын белгілеңіз.
25. Зар заман ақынын табыңыз.
26. Ақан сері романының авторын табыңыз.
27. «Қазақ» газетінің тұңғыш редакторын белгілеңіз.
28. Азат, әйел, қолыңды әкел!
Сен азаттық күркісің...– өлең тармақтары қай өлеңнің үзіндісі екенін белгілеңіз.
29. С. Мұқановтың "Ботагөз" романы композициялық құрылымы жағынан неше тарауға бөлінетінін көрсетіңіз.
30. Хафиз ақынның Ақсақ Темірге «Бағаңыз - жиырма бес теңге ғана» деген сөзінің мәнін ашыңыз.