1. «Айман - Шолпан» жырындағы кейіпкерді табыңыз.
2. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңіз.
3. Шалкиіз жырау қай биге толғау шығарғанын анықтаңыз.
4. Жамбылдың 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілісіне арналған өлеңін табыңыз.
5. Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» драмасындағы кейіпкерді табыңыз.
6. Ақан оқыған медресені көрсетіңіз.
7. Ақан сері өмірінің трагедиялық сипатын суреттеген поэма жазған қаламгерді табыңыз.
8. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Ноянның кім екенін табыңыз.
9. С. Сейфуллиннің бандымен алысып, ұстай алмай қапыда қалған кейіпкерін табыңыз.
10. Ел тұтқасын ұстау әйелдердің де қолынан келетіндігін дәлелдеген жырды белгілеңіз.
11. С. Мұқановтың "Сырдария" романының оқиғасы өтетін жерді табыңыз.
12. М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны көрсетіңіз.
13. Махамбеттің «Аспандағы боз торғай» өлеңі лириканың қай түріне жататындығын табыңыз.
14. Б. Бұлқышевтың поэмасын белгілеңіз.
15. С. Мұратбековтің «Жусан иісі» деген әңгімесінде қай кездегі оқиға баяндалғанын табыңыз.
16. Қыранша өмір сүргенің -
Қандай бақыт!
Қандай бақыт -
Қыранша өле білген.
Үзінді кімнің шығармасынан алынғанын табыңыз.
17. Маса боп ызыңдап, халқын оятуды мақсат еткен ақынды көрсетіңіз.
18. М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" өлең жинағы екінші рет 1911 жылы қай қалада басылғанын белгілеңіз.
19. С. Торайғыров «Оқудағы мақсат не?» деген өлеңінде өз мақсатын қалай ашып көрсететінін табыңыз.
20. «Қазақ батыры» (Ғ. Мүсірепов) кейін қандай атқа өзгертілгенін белгілеңіз.
21. Махамбеттің шығармасын табыңыз.
22. Шортанбай Қанайұлының өлеңдеріндегі сарындарды белгілеңіз.
23. Шоқан жөнінде тұңғыш көркем шығарма жазған жазушыны анықтаңыз.
24. Жамбылдың бата түріндегі туындысын табыңыз.
25. С. Мұқановтың Ш. Уәлиханов туралы романын табыңыз.
26. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.
27. Найман - Ана аңызы Ш. Аймауытовтың қай туындысында екенін табыңыз.
28. «Қараш - Қараш оқиғасы» қай жанрға жататынын көрсетіңіз.
29. Жар - жар қай кезде айтылатынын белгілеңіз.
30. Шоқанмен бірге оқыған досын атаңыз.