1. Мағжанның «Қазағым» өлеңі лириканың қай түріне жататынын атаңыз.
2. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» туындысында жалғыз шалдың неге шегара бұзып, тау асып келе жатқанын табыңыз.
3. Хандардың опасыздығын баса көрсететін жырды белгілеңіз.
4. Кенелемін деген жігіттің
Жылқы ішінде екі арғымағы тел өсер, - қай шығарманың үзіндісі екенін анықтаңыз.
5. Махамбет:
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық,
Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық, - деген үзіндіде қандай көркемдік тәсіл қолданғанын табыңыз.
6. Ш. Құдайбердиевтің «Қалқаман - Мамыр» дастанында аты аталатын бабаны табыңыз.
7. 1916 жыл оқиғасына байланысты «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінің авторын табыңыз.
8. С. Мұқановтың «Сырдария» романында әңгіме болатын шаруашылық түрін табыңыз.
9. Қазақ жазушылары арасында Социалистік Еңбек Ері атағын алған бірден - бір жазушының кім екендігін көрсетіңіз.
10. Абай жолы романындағы Абай жақсы көрген ойын атын белгілеңіз.
11. Кімде - кім хикмат (философия) білімін оқып үйренуге кіріспек болса, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс, әдепті, қайырымды адам болуы
керек, - деген пікірді айтқан –
12. «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршын сұлуды зорлық етіп, алмақшы болған батыр.
13. Шалкиіз жырау қай жерде дүниеге келгенін табыңыз.
14. С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы ұнамсыз кейіпкерлерді табыңыз.
15. Жұрт біздің Екей руын мазақтап, Екейде елу бақсы, сексен ақын" деген ат аз ба? Сексен бірінші боп қайтесің? " - деген сөздерді Жамбылға кім айтқанын белгілеңіз.
16. «Ш. Уәлиханов» пьесасының авторын белгілеңіз.
17. «Оянған өлкенің» (Ғ. Мүсірепов) кейіпкерлерін табыңыз.
18. Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңіндегі ой қорытындысын табыңыз.
19. «Бір тойым болатыны сөзсіз менің» деп армандап өткен талантты қазақ ақынын табыңыз.
20. «Қамар сұлу» романындағы кедей ортасынан шыққан, аздап оқыған жігіт, жаңа дәуірдіғ өкілі кім екенін белгілеңіз.
21. Бейімбет Майлиннің «Шұғанығ белгісі» повесіндегі Шұғаның сүйген жігітін табыңыз.
22. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
23. «Дауылдан кейін» романының авторын табыңыз.
24. Алпамыс батыр жырында: "Ұлтан бегіме лайық өлеңді өзім айтамын", - деген кім екенін белгілеңіз.
25. Махамбеттің өлеңін табыңыз.
26. Сот реформасы туралы жазған кім екенін белгілеңіз.
27. І. Жансүгіровтің «Әкемнен қалған көз еді» деп ардақтала аяқталатын натюрморттық өлеңінің атын белгілеңіз.
28. Жамбылдың қай ақынмен айтысқанын табыңыз.
29. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.
30. Абайдың дүниеден өткен жылын көрсетіңіз.