1. Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін.
Кетпес дәулет, кең пейіл,
Қайырымды дос берсін, - деген бата - тілектің түрін ажыратыңыз.
2. Еліне жайлы қоныс, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоршысын табыңыз:
3. Мақалдардың ең негізгі ерекшелігі неде?
4. Алпамыс батырдың әкесінің атын табыңыз.
5. Махамбеттің:
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін жасырман, – деп кімге айтқандығын анықтаңыз.
6. Омбы Кадет корпусы қандай оқу орны екенін табыңыз.
7. Қараторғай деген есімнің Ақан серіге қандай қатысы барлығын табыңыз.
8. Ғ. Мүсіреповтің пьесасын белгілеңіз.
9. Импровизация деген сөздің мәнін көрсетіңіз.
10. Абай Ділдәға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгілеңіз.
11. Әнші - ақындар тобына жататын азаматты белгілеңіз.
12. Ұзатылатын қыздың ел - жұртымен қоштасарда айтатын салт өлеңін белгілеңіз.
13. Абай оқыған медресені белгілеңіз.
14. Асанның:
"Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер, "- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
15. Ш. Уәлихановтың Қашқарға бару себебін белгілеңіз.
16. Көбеевтің «Үлгілі бала» кітабы қандай еңбек екенін табыңыз.
17. Қобыланды батыр жырында айтылатын Қызылбас елін белгілеңіз.
18. Ақан серінің аңшы психологиясын бере білген өлеңін табыңыз.
19. Жамбылдың «Жалғызбын деп жүрмесін» деген жолдау өлеңі Абайдың басына түскен қандай қайғыға байланысты дүниеге келгенін айтыңыз.
20. С. Мұқанов мұғалімдік оқуды қай қалада оқығанын белгілеңіз.
21. Ғ. Мүсіреповтің алғашқы ұстазын табыңыз.
22. Қазақ прозасының профессионалдық биік деңгейге көтерілген кезін көрсетіңіз.
23. Берілген үзіндінің авторы кім?
"Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады".
24. Бұқар жыраудың «Сен - бұзау терісі шөншіксің» деп, Керейлерге айтқан сөзіндегі шөншіктің мағынасын анықтаңыз.
25. …Кім білсін, талай күнгі арманым ед,
Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.
Бұл өлең жолдары Т. Айбергеновтің қай өлеңінен алынғанын есіңізге түсіріңіз.
26. Асан атына "қайғы" деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.
27. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау?
28. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институты кімнің атында екенін белгілеңіз.
29. 1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан Петербург университетінің қай профессорымен танысқанын белгілеңіз.
30. Әкесі Алтынсары өлген соң Ыбырай кімнің қолында тәрбие алғандығын табыңыз.