1. Нысан абыз бейнесі Шәкәрімнің қай поэмасында кездесетіндігін анықтаңыз.
2. Сюжетін халықтың тарихи аңыздарынан алған, зарлы заман оқиғаларын суреттеген шығарманы көрсетіңіз.
3. Редифті ұйқастың не екенін табыңыз.
4. Төмендегі өлең шумағы кімдікі?
Еңсесі биік ақ орда
Еміне кірер күн қайда?
Толғамалы ақ балта
Толғап ұстар күн қайда?
5. М. Әуезовтің студент - жастар тұрмысын суреттейтін пьесасын табыңыз.
6. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан
Құсқа салған аңшымын.
Сізде қыз бар, бізде ұл бар,
Қызыңа келген жаушымын...- деген жолдар қашан айтылатынын белгілеңіз.
7. Даналықты, шешендік пен тапқырлықты танытқан аңыз кейіпкерін табыңыз.
8. 19 - ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.
9. Ы. Алтынсарин ашқан оқытушылар мектебі қайда орналасқанын табыңыз.
10. Егемен Қазақстан газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.
11. Асан аңыздарға қарағанда қайда дүние салғанын белгілеңіз.
12. Шәкәрімнің «Қалқаман - Мамыр» дастанындағы Әнет баба бастаған туыстарының Қалқаманды іздемеу себебін табыңыз.
13. Жамбылдың ұлт - азаттық көтерілісіне арнап жазған туындысын көрсетіңіз.
14. С. Мұқановтың "Сұлушаш"поэмасының кейіпкерлерін табыңыз.
15. «Шұғыла» әңгімесінің авторын табыңыз.
16. Астарлы меңзеу арқылы берілетін көркемдегіш сөздің атауын табыңыз.
17. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында Құнанбайдың жақсы, мырза, шешен адам екенін мойындайтын кейіпкерді табыңыз.
18. Шерхан Мұртазаның «41 - жылғы келіншек» әңгімесінің жазылу себебін түсіндіріңіз.
19. Тұңғыш мұғалімдер мектебі қайда, қашан ашылғандығын табыңыз.
20. С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы Итбайға ең керекті нәрсе не екенін табыңыз.
21. Бандыны қуған Хамит әңгімесіндегі Хамит бейнесінің С. Сейфуллинге ұқсастығы бар - жоғын анықтаңыз.
22. А. Яссауидың ұстазы кім екенін анықтаңыз.
23. Сараңдықтың жиынтығын беретін аңыз - әңгіме кейіпкерін белгілеңіз.
24. Алпамыс батыр жырындағы қалмақ батырын табыңыз.
25. Ғылымым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөз бастама, - деген ғибратты сөз Асан қайғының қай шығармасынан алынғанын белгілеңіз.
26. Шалкиіздің шығармасын табыңыз.
27. « - Әуелі келісіп алайық; сіз еш нәрсені жасырмайсыз: мен еш нәрсе қоспаймын», - деген келісім жасалып, жазылған шығарманы табыңыз.
28. Метафораны табыңыз.
"Таулар - менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым – ұлан - ғайыр кең далам. "
29. Т. Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы Назираның тұрмысқа шыққан жігітінің есімін есіңізге түсіріңіз.
30. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал тау асып, шекара бұзып, туған жерге өтісімен не істегенін табыңыз.