1. Абайдың табиғатты жырлауға арналған өлеңін белгілеңіз.
2. «Шұғаның белгісі» повесінің авторын табыңыз.
3. Тәуке ханның атақты "Жеті жарғысын" жасасқан бидің атын белгілеңіз.
4. М. Әуезовтің Н. В. Гогольден аудармасын белгілеңіз.
5. Сыпыра жырау қай жырда кездесетінін белгілеңіз.
6. Бұқар толғауында:
Сен – бұзау терісі шөншіксің,
Мен - өгіз терісі талыспын – деген тармақтарда қандай көркемдік тәсіл қолданылғандығын табыңыз.
7. Итбай, Амантай, Жамантай, Серғазы, Әбіш бейнелері қай шығармада кездесетіндігін анықтаңыз.
8. Балуан Шолақтың анасының атын белгілеңіз (С. Мұқанов).
9. Ғ. Мүсіреповтің «Жат қолында» шығармасының бірінші кітабының атын табыңыз.
10. Б. Майлиннің поэмасын табыңыз.
11. Ш. Уәлиханов өміріне қауіп төндірген, бірақ атағын әлемге әйгілеген саяхатын белгілеңіз.
12. Бұл заманда не ғаріп - қай жыраудың толғауы екнін белгілеңіз.
13. А. В. Затаевичке қазақ халқының әндерін жинауға көмектескен қаламгерді табыңыз.
14. Адасқан өмір поэмасындағы лирикалық кейіпкердің ең басты арманын анықтаңыз.
15. Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен, - деген пікірді кім айтқанын белгілеңіз.
16. С. Мұқановтың «Өмір мектебі» кітабының жалғасын табыңыз.
17. Ғ. Мүсірепов қай шығармасында Б. Өтетілеуовтің атын ерекше атайтынын табыңыз.
18. Литота дегеніміздің не екенін анықтаңыз.
19. Эпостық жанрды табыңыз.
20. Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,
Жаманнан үлгі болар сөз қалмайды. Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.
21. Жамбылдың азамат соғысы батырының ерлік бейнесін суреттеген өлеңін белгілеңіз.
22. І. Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазылған трилогиясын көрсетіңіз.
23. Алпамыс жырындағы эпизодтық кейіпкерді табыңыз.
24. Айман - Шолпан жырындағы Маманның шыққан тегі, руын табыңыз.
25. Ақан жүйрік аты Құлагерден айырылып қалған жылды көрсетіңіз.
26. «Ақтабан» деген тарау І. Жансүгіровтің қай поэмасынан екенін табыңыз.
27. С. Мұқановтың лирикалық өлеңдерінің негізгі кейіпкерін табыңыз.
28. Баяндаудың ерекшелігін анықтаңыз.
29. Мұхаббат - наме дастаны қай кезең әдебиетіне жататынын анықта.
30. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Қодар мен Қамқаға байланысты қанды оқиғаның өткен орнын белгілеңіз.