1. М. Жұмабаевтың алғашқы жинағы қалай аталады?
2. Семейге жер аударылып келіп, Шоқанның досы болған орыс жазушысын табыңыз.
3. Әр аралға бір қамалдым,
Өмір - теңіз, таба алмадым өткелін.
Бұл сөздерді "Ақан сері - Ақтоқты" пьесасындағы қай кейіпкер айтатынын белгілеңіз.
4. І. Жансүгіровтің "Күй" поэмасында әңгіме болатын ертегінің атын көрсетіңіз.
5. Жамбыл өмір сүрген жылдарды белгілеңіз.
6. Ғ. Мүсіреповтің азаматтық тұлғасын танытқан батыл шығармасын табыңыз.
7. Cалиха қыздың дауы қай романда сипатталғанын белгілеңіз.
8. Дулат Исабековтің туған жерін табыңыз.
9. «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің атын белгілеңіз.
10. Абайдың бес асыл іс, бес дұшпан жайлы айтқан өлеңін белгілеңіз.
11. Қазтуғанның шешесінің атын табыңыз.
12. «Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін, » - деген өлең жолдарының авторын табыңыз.
13. Айман - Шолпан жырында Шолпанды кіммен бірге елге қайтаратынын табыңыз.
14. Шәкәрімнің «Қалқаман - Мамыр» дастанындағы Мамырдың әкесін анықтаңыз.
15. І. Жансүгіровтің саяси лирикасының үздігі деуге болатынын табыңыз.
16. ... Атса мылтық өтпеді,
Шапса қылыш кеспеді,
Суға салса батпады... Қай батырды айтып отырғанын табыңыз.
17. ... Еңбекшілер, ендігі күн сенікі,
Жасайды кедей, гүлденсін кедей, жасасын. - Бұл үзінді С. Мұқановтың қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
18. ... Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім… - қай өлеңнің үзіндісі екенін көрсетіңіз.
19. ... Жаманға жазатайым ісің түссе,
Жабысып қалады екен аспан жерге, - деген жолдар алынған Ақан серінің өлеңін белгілеңіз.
20. ... Орта Азияның ел билеушілері қазір бұрынғы ата - бабалары сияқты өлең - жырлар, мемуарлар жазбайды, астрономия кестесін жасамайды, оның орнына... сүзіске үйретілген екі қошқардың сүзіскенін тамашалайды...
Бұл жолдар алынған Шоқан шығармасын белгілеңіз.
21. "Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім сені есірткен
Есіл менің кеңесім,
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін", - деген өлең жолдарының авторы қай жырау екенін анықтаңыз.
22. "Жағы түкті жылқы айуан
Иесін қайда жаяу салмаған"- деген үзінді қай шығармадан алынғанын белгілеңіз.
23. "Жалп - жалп еткен жапалақ
Жазыда кімге жолдас болмаған, "- деген жолдар қай шығармадан алынғанын анықтаңыз.
24. "Қой сүйеді баласын "қоңырым" деп,
Ештеңені білмеген момыным деп. "Қай жырдан алынған үзінді екенін анықтаңыз.
25. "Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлықсыз тұл үйге
Ту байласаң тұрар ма?!"Үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
26. "Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма,
Орыспенен соғысып,
Басыңа мұнша көтерген,
Жұртыңа жаулық сағынба", - деген өлең жолдары кімдікі екенін белгілеңіз.
27. ... Сен азаттық көркісің
Азаттығың мәңгі, мәңгі
Мәңгі - бақи бекісін,- деген үзінді Б. Майлиннің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
28. «Сорқұдықтың басына
Сорға бола қонды атам.
Жалмауызға жалғызын
Жанынан қорқып берді атам…»«Eр Төстік» ертегісіндегі кімнің зары екенін белгілеңіз.
29. «Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең... ».
Үзінді Абайдың қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
30. Азат, әйел, қолыңды әкел!
Сен азаттық күркісің...– өлең тармақтары қай өлеңнің үзіндісі екенін белгілеңіз.