1. Бар, шақырып кел!
Сары атты бер!..– үзіндісі қай өлеңнен алынғанын белгілеңіз.
2. Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан, -...деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз.
3. Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз- тармақтары Абайдың қай өлеңінен алынғанын табыңыз.
4. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан
Құсқа салған аңшымын.
Сізде қыз бар, бізде ұл бар,
Қызыңа келген жаушымын...- деген жолдар қашан айтылатынын белгілеңіз.
5. Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер...Қазтуғанның қай өлеңінен алынған үзінді екенін анықтаңыз.
6. Жүзі құбыла, сөзі құран Шұғамның
Бір Шұға үшін жанды құрбан қыламын...- деген Бейімбет Майлиннің «Шұғанығ белгісі» повесіндегі үзіндінің кімнің аузынан айтылғандығын табыңыз.
7. Қойшы - қолаң, қайда үңкей сиыршы!
Маңайыма келіп бәрің жиылшы!- деген тармақтар Б. Майлиннің қай кейіпкерінің сөзі екендігін табыңыз.
8. Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!
Бай, бай, бай, бай!– өлең тармақтарының авторын белгілеңіз.
9. Таза мінсіз асыл тас,
"Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады"Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз.
10. Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап - сары аяқтары ұзын маса...– қай ақынның өлеңінен алынған тармақтар екенін көрсетіңіз.
11. « - Әуелі келісіп алайық; сіз еш нәрсені жасырмайсыз: мен еш нәрсе қоспаймын», - деген келісім жасалып, жазылған шығарманы табыңыз.
12. «... Бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Есімбек сол өгіз сойғанның» ең шырайлы жеріне қонушы еді». Үзіндінің қай шығармадан алынғандығын анықтаңыз.
13. «…. бір тісін жұлып алып жібергенде, бір аяғын жұлып түседі. …. тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі».
Қай ертегіден алынғанын белгілеңіз.
14. «41 - жылғы келіншек» әңгімесінің авторын табыңыз.
15. «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің астына мінген атын белгілеңіз.
16. «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің атын белгілеңіз.
17. «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің жалмауызға беріп кететін затын атаңыз.
18. «Абай жолы» роман - эпопеясының басты кейіпкерін белгілеңіз.
19. «Абай» журналында 1918 жылы шығармалары жарияланып тұрған қаламгерді табыңыз.
20. «Автобиографиялық әңгіменің» авторын табыңыз.
21. «Адамның екі көзі, екі құлағы болғанда, тілі неге біреу - ақ?
Мәселе мынада ғой: жалғыз тіл ләм дегенше, екі көз көріп, екі құлақ тыңдап алуға тиіс».
Р. Ғамзатовтың қай шығармасынан алынғанын табыңыз.
22. «Ажалым аштан болды ма?
Ауызға жерге жемім жоқ,
Егер өлсем бұл жерде,
Сүйегімді ұстар теңім жоқ», - деп қиналатын батырды табыңыз.
23. «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың... » деген түйін Ы. Алтынсариннің қай әңгімесінен алынғанын белгілеңіз.
24. «Айман - Шолпан» жырындағы «Шайтан сөз топ ішінде неге керек» деген сөздердің иесін табыңыз.
25. «Айман - Шолпан» жырындағы Есет кімнің баласы екендігін табыңыз.
26. «Айман - Шолпан» жырындағы кейіпкерді табыңыз.
27. «Ақбілек» романындағы Ақбілектің баласының есімін белгілеңіз.
28. «Ақтабан» деген тарау І. Жансүгіровтің қай поэмасынан екенін табыңыз.
29. «Ақын ініме» өлеңінің авторын белгілеңіз.
30. «Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың қою шашы қап - қара, кең маңдайы кере қарыс, көзінде ақыл тұнып тұр, орысшаға жетік, ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз». (В. Попов) Бұл пікірдің кім туралы айтылғанын табыңыз.