1. «Алпамыс батыр» жырындағы батырдың жарының атын табыңыз.
2. «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршын сұлуды зорлық етіп, алмақшы болған батыр.
3. «Алпамыс батыр» жырындағы сақау әйелдердің атын табыңыз.
4. «Алтын сақа» ертегісінде жанынан қорыққан байдың жалмауызға бермек болған нәрсесін атаңыз.
5. «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең - алаң» романдарының авторын табыңыз.
6. «Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін, » - деген өлең жолдарының авторын табыңыз.
7. «Аспанда ұшқан, алты қаз,
Сіздер тірі, мен өлі», - деп, өлім алдында алты қазбен қоштасатын лиро - эпостық жыр кейіпкерін табыңыз.
8. «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Бақша ағаштары», «Бір уыс мақта»әңгімелерінің авторын табыңыз.
9. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінің авторын белгілеңіз.
10. «Балталы, Бағаналы ел, аман бол», - деп, туған жерімен қимай қоштасатын лиро - эпос жырындағы қыздардың атын табыңыз.
11. «Барлық қазақ иемденіп жұмақты,
Басқаларға орын қалмай жүрмесін», - деген Б. Майлиннің өлең жолдарынан нені аңғаруға болатынын табыңыз.
12. «Бір тойым болатыны сөзсіз менің» деп армандап өткен талантты қазақ ақынын табыңыз.
13. «Біржан мен Сара» айтысы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңыз.
14. «Бостаншылық берсе егер басымызға,
Патшамыз мархабат қып ырзаласып,
Бетімізбен біз де өлмес күнін көріп,
Тыныштық жай іздер ек арып - ашып, » - деген үзінді Ақан серінің қай өлеңінен алынғандығын табыңыз.
15. «Боташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай …» - деп, Қазтуған жырау қай өзенді мадақтағанын табыңыз.
16. «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» өлеңдерінің тақырыбын анықтаңыз.
17. «Данышпан Аликтің ажалы», «Қасқыр мен мысық» аудармаларының авторын белгілеңіз.
18. «Дауылдан кейін» романының авторын табыңыз.
19. «Диуани лұғат ат - түрік» кітабының авторын табыңыз.
20. «Дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, аулынан адым жер шығып көрмеген, аң сықылды жайылған қазақ біздің неғып мұндай күйге түскенімізді қайдан білсін …»
Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.
21. «Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен« деген үзінді қай шығармадан алынғандығын табыңыз.
22. «Еділдің бойы ен тоғай -
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім», - деген жолдарды жазған ақынды табыңыз.
23. «Ел баласы» деген сөздің мәнін анықтаңыз.
24. «Еңлік - Кебек», «Қалқаман - Мамыр» поэмаларын жазған ақынды атаңыз.
25. «Ер Тарғын» жырында Ақжүніс ару қай батырдың бес жасынан алпыс бес жасқа дейінгі өмірін шеберлікпен айтып беретінін табыңыз.
26. «Ер Тарғын» жырында баса көрсетілетін жағдайды анықтаңыз.
27. «Ер Тарғын» жырындағы батырдың жарының есімін табыңыз.
28. «Ер Тарғын» жырындағы дана қарттың атын табыңыз.
29. «Ер Тарғын» жырының кейіпкерін табыңыз.
30. «Ер Төстік» ертегісіндегі басты кейіпкердің, яғни әкесінің атын табыңыз.