1. «Әттең, бір қапы дүние - ай» өлеңінің авторын көрсетіңіз.
2. «Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның,
Екі талай болғанда
Азыққа етін жеп едім, » - деген жолдары алынған Махамбет өлеңінің атын табыңыз.
3. «Жарандар, кеңес жазайын», «Заманның опасыз халіне айтқаны» деген өлеңдердің авторын көрсетіңіз.
4. «Заман туралы», «Заман адамы» деген өлеңдер кімдікі екенін табыңыз.
5. «Зар заман ақындары» деген ақындарды анықтаңыз.
6. «Зар заман», «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз.
7. «Индия очерктері» мен «Америка әсерлері» қай қаламгердің туындысы екенін белгілеңіз.
8. «Интернат», «тілмаш», «адвокат», «прошение» - деген сөздердің Абайдың қай өлеңінде кездесетінін анықтаңыз.
9. «Кедей қызы, дер шағында оқуға түскен. Тұлғасында, мінезінде кісі боларлық белгілер бар. Олай болса, түбінде бұдан әлеуметтік адам шығуында сөз жоқ», - деген сөздердің қай кейіпкерге арналғанын табыңыз.
10. «Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін,
Адамзат озар емес өз басыңнан», - деген сөздерді қай айтыс ақыны кімге арнап айтқанын табыңыз.
11. «Киім кисе, жеңі жоқ,
Етегі бар да, белі жоқ...
Ел биледі бір сымпыс
Екі бұты таралған»
Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін белгілеңіз.
12. «Күй атасы», «Ақын», «Портреттер» дастандарының авторы кім екенін есіңізге түсіріңіз.
13. «Күлдір - күлдір кісінетіп» толғауының авторын көрсетіңіз.
14. «Күн - күйеу, жер - қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті», - деген Абайдың өлең жолдарындағы бейнелеу құралын көрсетіңіз.
15. «Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай», - деген Абайдың өлең жолдарында көркем бейнелеу құралдарының қай түрі кездесетінін табыңыз.
16. «Қазақ батыры» (Ғ. Мүсірепов) кейін қандай атқа өзгертілгенін белгілеңіз.
17. «Қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» - деген пікірдің авторын табыңыз.
18. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған - терген» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.
19. «Қазақ хрестоматиясының» авторын белгілеңіз.
20. «Қазақ» газетінің тұңғыш редакторын белгілеңіз.
21. «Қайран менің Еділім» деп, еңіреп өткен жырауды белгілеңіз.
22. «Қалың мал» романының авторын табыңыз.
23. «Қамар сұлу» романында көтерілген мәселені анықтаңыз.
24. «Қамар сұлу» романындағы ауқатты ортадан шыққан, аса сұлу, шешен ақын қызды белгілеңіз.
25. «Қамар сұлу» романындағы Жорға Нұрымның жақтастарын белгілеңіз.
26. «Қамар сұлу» романындағы кедей ортасынан шыққан, аздап оқыңан жігіт, жаңа дәуірдің өкілі кім екенін белгілеңіз.
27. «Қамар сұлу» романындағы Қамар мен Қасеннің әкесін анықтаңыз.
28. «Қамар сұлу» романындағы Қамардың «Ататай, болдым ғашық мұрыныңа» өлеңі қай кісіге қарата айтылғанын белгілеңіз.
29. «Қамар сұлу» романындағы Қамардың сүйген жігітін белгілеңіз.
30. «Қамар сұлу» романындаңы Жорға Нұрымның жақтастарын белгілеңіз.