1. «Қамар сұлу» романының авторын белгілеңіз.
2. «Қамар сұлу» романының кейіпкерлерін белгілеңіз.
3. «Қараой» шығармасының авторын табыңыз.
4. «Қаратаудың басынан көш келеді» әні қандай оқиғаға байланысты шығарылғанын табыңыз.
5. «Қараш - Қараш оқиғасы» қай жанрға жататынын көрсетіңіз.
6. «Қартқожа» романынан алынған үзіндінің кімнің сөзі екенін белгілеңіз
«Қазақ қайырымды, кең, меймандос, зерек, ақылды жұрт… Патша жаман. Біздің мұжық та надан. Басқа жұртты жек көреді…
7. «Қобыланды батыр» жырындағы Қобыландының әкесінің атын табыңыз.
8. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры – адал достықты жырлайтын дастан… - деп айтқан:
9. «Қолаң шашты, қой көзді алшаңдаған аруым» деп, қай батырдың сүйген жарына тіл қататынын табыңыз.
10. «Қуаныш», «Кедейдің кейістігі» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.
11. «Құмырсқа мен көгершін», «Атасы мен немересі», «Ат пен есек»деген мысал үлгісіндегі шағын әңгімелердің авторын табыңыз.
12. «Қымбат маған елімнің бар даласы –
Балтық пенен Сахалиннің арасы.
Қайда болсын қиям оған жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді, » - үзінді қай ақынның өлеңінен алынғанын атаңыз.
13. «Қырық мысал» жинағының авторын белгілеңіз.
14. «Қыс», «Қараша, желтоқсанмен сол бір - екі ай» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.
15. «М. Әуезов маған әкедей қамқор болған кісі», - деген пікірдің иесін көрсетіңіз.
16. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» поэмаларының авторын белгілеңіз.
17. «Махаббат қызық мол жылдар» романының авторын табыңыз.
18. «Медғат - Қасым» поэмасы Абайдың қай ұлынікі, белгілеңіз.
19. «Мен - қазақпын» поэмасының авторын табыңыз:
20. «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп, өзін Шернияз ақын кімге таныстыратынын табыңыз.
21. «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым - отыз бесте»
Кімнің портреті екенін көрсетіңіз.
22. «Менің Дағыстаным» кітабының авторын көрсетіңіз.
23. «Менің жасым кінегеде әлденешеде жүр… 18… 19… таяу тұр - ау өзі. Қатеден бір жасты қосып жіберсе, кеткеніміз ғой… ойбай - ау!»
Қай кезең оқиғасы жайында екенін көрсетіңіз.
24. «Мінкен ер» өлеңінің авторын табыңыз.
25. «Мына қараңғы түнде, қараңғы көлеңке бөлмеде тағы да бір әлсіз шырақ тұтанып, жылтырап жанып келеді. » Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романынан алынған осы үзіндінің кімге арнап айтылғанын табыңыз.
26. «Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қонысың болсын қазақтан, » - деген жолдардың авторын табыңыз.
27. «Оянған өлкенің» (Ғ. Мүсірепов) кейіпкерлерін табыңыз.
28. «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінің негізгі идеясын табыңыз.
29. «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінңң тақырыбын анықтаңыз.
30. «Руна жазуы» деген ұғым қай халықтың сөзі екенін табыңыз.