1. «Солаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда», - деген жолдардағы (Абай) көркемдегіш құралды табыңыз.
2. «Сөз – жібек жіп, жыр – кесте…» деген тармақ кімдікі екендігін табыңыз.
3. «Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын!» - деген жолдардағы көркемдеу тәсілінің түрін табыңыз.
4. «Татьянаның қырдағы әніне» айналған Абай туындысын көрсетіңіз.
5. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабының авторын көрсетіңіз.
6. «Түсіне қарасаң күндей, ісіне қарасаң түндей» мақалында қолданылған көркемдік тәсілді табыңыз.
7. «Үміт еткен көзімнің нұры - балам», - деген өлең жолдарының иесін табыңыз.
8. «Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы» деп жазған ағартушы.
9. «Халық поэзиясының алыбы, XX ғасырдың Гомері» атанған ақынды табыңыз.
10. «ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда көркем проза туа бастайды. Оның алғашқы бастамасы Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы болды... " деген пікірдің иесін табыңыз.
11. «Ш. Уәлиханов» пьесасының авторын белгілеңіз.
12. «Шұғаның белгісі» повесінің авторын табыңыз.
13. «Шұғыла» әңгімесінің авторын табыңыз.
14. …Кім білсін, талай күнгі арманым ед,
Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.
Бұл өлең жолдары Т. Айбергеновтің қай өлеңінен алынғанын есіңізге түсіріңіз.
15. 1846 жылы кім дүниеге келгенін анықтаңыз.
16. 1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан Петербург университетінің қай профессорымен танысқанын белгілеңіз.
17. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралап, қазақ халқының тарихы мен әдет - ғұрпы ұғымына байланысты қандай еңбектер жазғанын белгілеңіз.
18. 1858 - 59 жылдары Шоқан саяхат жасаған жерді табыңыз.
19. 1859 жылы Ы. Алтынсарин Орынборда танысқан орыс профессорын көрсетіңіз.
20. 1879 - 1883 жылдары Торғай уезінде қандай мектептер ашылғанын белгілеңіз.
21. 1879 ж. Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептеріне кім болып тағайындалғанын белгілеңіз.
22. 19 - ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.
23. 1916 жыл оқиғасына байланысты «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінің авторын табыңыз.
24. 1916 жылғы көтеріліске арнап Жамбыл қандай өлеңдер жазғанын белгілеңіз.
25. 1920 - 1930 жылдар әдебиетіндегі дарынды, бірақ өмірі қысқа болған ақын қызды табыңыз.
26. 1936, 1938, 1939 жылдары қатарынан үш ірі орденмен наградталған ақынды белгілеңіз.
27. 20 - 30 жылдарда қазақ қаламгерлері өндіріс дамуының символы ретінде қолданған сөздерді табыңыз.
28. Cалиха қыздың дауы қай романда сипатталғанын белгілеңіз.
29. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз.
30. VІ - VІІ ғасырдағы туындыны табыңыз.