Меню сайта
Авторизация
Карта ответов
Скрыть панель
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Проверить
Показать ответы
Начать заново
Новости
Тесты
Математическая грамотность
Грамотность чтения
История Казахстана
Биология
География
Математика
Родной язык и литература
Физика
Всемирная история
Английский язык
Немецкий язык
Французский язык
Химия
Человек. Общество. Право.
Ответы
Гранты
Средне-специальное
Бакалавриат
Таблица грантов
Магистратура
Таблица грантов
Резидентура
Докторантура
Специальности
Бакалавриат
Главная
Тесты ЕНТ старый формат
Казахский язык
Вариант 39
Предыдущий вариант
Следующий вариант
1. Қабаттасып келген тыныс белгілердің қойылуына себеп, белгілеңіз.
- Астапыралда (солай дейтін оның кейде әдеті болушы еді)!-деді Итбай.
Төл сөз, қыстырма.
Қаратпа сөз, төл сөз.
Лепті, қыстырма, диалог.
Төл сөз, автор сөзі.
Төл сөз, бұйрықты сөйлем.
2. Өздiк есiмдiгiн белгілеңіз.
Ештеңе, ешкiм.
Бүкiл, түгел.
Әр, әркiм.
Өзiм, өзiме.
Менiң, сiздiң.
3. Көңіл-күйге байланысты айтылған сөйлемді анықтаңыз.
Ол сыныпқа кірді.
Сен сыныпқа кір.
Ол кіріп шықса ғой.
Сен сыныпқа кірдің бе?
Иә, кірдім де шықтым.
4. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
Құнанбай қайсар жауапты естіді де, үндемей қалды.
Төзімділік пен сабырлылық - жақсы қасиет.
Төрт бөлмелі тас үй салқын да, жайлы.
Мақтаныш етеді, бекер.
Жусан, изен, бұйырғын, көкпек - бәрі малға пайдалы.
5. Дағды, дәстүр бойынша жазылған сөзді табыңыз.
Көк дөнен.
Қамысбек.
Өлең.
Жаздыгүні.
Бағы жанбады.
6. Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.
Семейдің губернаторы осы жолы Қарамолаға келуі керек.
Бас болмақ оңай, – бастамақ қиын.
Біздің заманымызда не көп, сан түрлі таңғажайып мамандық көп.
Базаралы жиылған қауымға Тінекең ауылына барғандығын, онда тыныштық екендігін айтты.
Абай өз ішінен : “Сүйіндік ауылы сыртқа кетіп қалады, жеткізбей ұзап кетеді - ау,” - деп тынышсызданып еді.
7. Реттік сан есімді табыңыз.
Бір, екі.
Біреу, екеу.
Жүз, алпыс.
Бірінші, бесінші.
Бір - бірден, екі - екіден.
8. Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсетіңіз.
Денелі.
Үлкен.
Төзімді.
Шолақтау.
Шашпа.
9. Дерексіз зат есім дегеніміз не, табыңыз.
Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есім.
Жер-су атаулары.
Оймен танылатын зат есім атауы.
Туынды зат есімдер.
Бір түрлі көп заттың жеке атауы.
10. Синонимдес тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
Мұрны қанау, мұрнына су жетпеу.
Жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар.
Қоян жүрек, қоян аулау.
Түймедейді түйедей ету, түймені қадау.
Тісін қайрау, тісін тазарту.
11. Төл сөзге байланысты тыныс белгісінің дұрыс қойылған жерін көрсетіңіз.
Шаhар әміршісі әл - Фарабиді сынамақ болып - Өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.
Шаhар әміршісі әл - Фарабиді сынамақ болып: «Өзіңе лайықты орын тауып отыр,» - дейді.
Шаhар әміршісі әл - Фарабиді сынамақ болып өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.
Шаhар әміршісі әл - Фарабиді сынамақ болып: Өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.
Шаhар әміршісі әл - Фарабиді сынамақ болып: «Өзіңе лайықты орын тауып отыр» дейді.
12. Сөз тіркесінен болған атаулы сөйлемдердің соңғы сөзі қай сөз табынан болады, белгілеңіз.
сын есім
сан есім
есімше
зат есім
етістік
13. Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз.
Адал адам.
Қарапайым адам.
Сақ адам.
Дос адам.
Қас адам.
14. Көсемшені табыңыз.
Кетер.
Кеткен.
Кеткелі.
Кет.
Кетпек.
15. Табыс жалғауын табыңыз.
- ны, - ні, - н.
- мын, - сың, - сыз.
- менен, - бенен.
- лар, - лер.
- ң, - ың, - ің.
16. Қатаң дауыссыздар қатарын көрсетіңіз.
қ, щ, ж
ф, в, т
қ, т, с
к, г, з
п, б, с
17. Сөздің тура мағынасын табыңыз.
Улы сөздің уыты басына шапты.
Уытын құмарлықтың ішке сақта.
Аурудың уыты денеге жайылды.
Бойына дін уыты жайылды.
Уытты көзбен Сауранға қарады.
18. Дұрыс жазылған сөздерді табыңыз.
Мәжбүр, мағлұмат, сірә.
Бөрөне, көбөлек, жол-жөнөкей.
Жұлдұз, жәяу, жәй.
Орұн, өңүр, домбұғұу.
Құндұз, құрұқ, бүгүн.
19. Қыстырма сөзді табыңыз.
Шырағым.
Ей, бері қара, балам.
Қарттардың айтуына қарағанда, шындық болар.
Бейшара - ау! Тезірек жетсеңші.
Ту - у! Неткен жансың.
20. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
Бұзатын.
Бұзайық.
Бұзылмайды.
Бұзады.
Бұзылады.
21. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Ызаланып кеткен ол “ауп!” деп жұлқып қалып еді, екпінімен шалқасынан түсті.
Қиралаң етіп оң жамбасына аунап түсіп, тағы да дүлейлі сесімен кеудесіне қарай төніп келе жатқан зілдей етікті қаусыра ұстай алды да, бұрап кеп жіберді.
Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең болмайтыны бесенеден белгілі.
Гүлсім ұялды, сондықтан екі беті қызарып кетті.
Бірақ іргедегі пештің жылуы қандай тез болса, суынуы да сондай тез.
22. Күрделі сан есімді табыңыз.
Әдейі қарады.
Қырық кітап.
Қораның төбесі.
Бала-шаға.
Қырық бес.
23. Күрделі сөзді табыңыз.
Техникамен жабдықтау.
Азуы алты қарыс.
Ақ алмас.
Қою қара сақалды.
Балалармен әңгімелесу.
24. Әдебиет достық дәнекершісі.
Сөйлемге қажетті тыныс белгісін табыңыз.
Жақша.
Нүктелі үтір.
Қос нүкте.
Сызықша.
Үтір.
25. Өздік есімдігі қатысқан тіркесті табыңыз.
Үйдің жаны.
Жолдасымның кітабы.
Дос сыры.
Әдеби мұра.
Өз үйім.
26. Тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралық сипат беретін сөз атауын табыңыз.
басыңқы
дара сөз
бағыныңқы сөз
күрделі сөз
буын
27. Еліктеуден жасалған етістікті көрсетіңіз.
Жазғыш.
Ақша.
Есірке.
Жомарт.
Жалпай.
28.
Қап, түге, тәйірі
- одағайының білдіретін мағынасын табыңыз.
Таңдану.
Наразылық.
Таңырқау.
Сүйсіну.
Қоштау.
29. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі ашық, әрі еріндік болатынын белгілеңіз.
а.
у.
ы.
о.
и.
30. Үстеудің байланысу түрін табыңыз.
Әлгінде келіп кетті.
Қабысу.
Меңгеру.
Жанасу.
Қиысу.
Матасу.