Меню сайта
Авторизация
Карта ответов
Скрыть панель
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Проверить
Показать ответы
Начать заново
Новости
Тесты
Математическая грамотность
Грамотность чтения
История Казахстана
Биология
География
Математика
Родной язык и литература
Физика
Всемирная история
Английский язык
Немецкий язык
Французский язык
Химия
Человек. Общество. Право.
Ответы
Гранты
Средне-специальное
Бакалавриат
Таблица грантов
Магистратура
Таблица грантов
Резидентура
Докторантура
Специальности
Бакалавриат
Главная
Тесты ЕНТ старый формат
Казахский язык
Вариант 5
Предыдущий вариант
Следующий вариант
1. Қай жерде сызықша дұрыс қойылғанын белгілеңіз.
Мойынты Шу темір жолы.
Мойынты Шу темір-жолы.
Мойынты-Шу темір жолы.
Мойынты-Шу-темір-жолы .
Мойынты Шу- темір жолы.
2. “Жаман” сөзімен мағыналас сөзді көрсетіңіз.
Олақ.
Нашар.
Жақсы.
Салақ.
Тамаша.
3. Анықтама қай стильге жатады, табыңыз.
Іс-қағаздар.
Көркем әдебиет.
Ауызекі стиль.
Публицистика.
Ресми.
4. Күрделі үстеуді табыңыз.
Тез.
Бұрын.
Төмен.
Жорта.
Ендігәрі.
5.
"Дау мұраты-біту,
Саудагер мұраты-ұту,
Қыз мұраты-кету,
Жол мұраты-жету",
Бұл қай бидің жауабы, белгілеңіз.
Әйтеке би.
Бөлтірік шешен.
Сырым би
Төле би.
Қазыбек би.
6. Есімшені табыңыз.
Жүре.
Жүр.
Жүргелі.
Жүріп.
Жүретін.
7. Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.
Елу бес.
Ой.
Сеп - семіз.
Неше?
Риза.
8. Сан есімнің емле ережесіне сай жазылғанын көрсетіңіз.
1918 – жыл.
1918 - інші жыл.
1918 - інші - жыл.
1918 жыл.
1918 - ші жыл.
9. Одағай сөзді табыңыз.
Біріншіден.
Ана.
Пәлі.
Ерте.
Сайын.
10. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
- Бұл не деген жұмбақ ? - десті екеуі.
Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді.
Ат - көп мағыналы сөз.
Аққу көлібалетін көрдің бе ?
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы (Абай).
11. Орфоэпиялық нормаға сай сөзді табыңыз.
Бұрын.
Ашша.
Кеңесбек.
Дұрыс.
Әркім.
12. Жайылмалы әрі өз ішінде үтірлері бар бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
Қос нүкте.
Көп нүкте.
Нүктелі үтір.
Үтір.
Нүкте.
13. Ала кел сөзіндегі дыбыстық өзгерістің орнын көрсетіңіз.
Түбір сөзде.
Туынды сөзде.
Қос сөзде.
Сөз аралығында.
Біріккен сөзде.
14. Біздің келешегіміз.
Байланысу тәсілін анықтаңыз.
Ілік септік, жіктік жалғау.
Ілік септік, тәуелдік жалғау.
Шылаулы сөз.
Орын тәртібі.
Күрделі зат есім.
15.
Сәлем саған, Астана!
Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.
Одағай.
Қыстырма.
Төл сөз.
Қаратпа.
Бірыңғай мүше.
16. Қаратпа сөзді табыңыз.
Сенің ойыңша, келешек туралы ойламау керек пе?
Пұшайт-пұшайт, қозым, қоңырым.
Әуелі, адамды түсіне білейік.
Бәсе, бұл - соның ісі.
Біріншіден, айтатын ойыңызды саралаңыз.
17. Синонимі бар сөйлемді табыңыз.
Біреуді мұқату, кеміту дұрыс емес.
Бала қышқыл өрік пен алманы жей алмады.
Сапардың аярлығы Сағиланы жирендірді.
Даңқ үшін, думан үшін қызмет етпе.
Бие үш жыл қысырап, биыл құлындады.
18. Диалект сөзді табыңыз.
Ашық, мұрат.
Дулыға, садақ.
Сым, кепеш.
Делдал, нарық.
Қыз, көз.
19. Айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болатын сөз атауын табыңыз.
анықтауыш
қосарлы айқындауыш
жалпылауыш сөз
оңашаланған анықтауыш
айқындауыш
20. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
Біз елімізде молшылық орнатамыз.
Сен мұнда не істеп жүрсің?
Сабаққа кешігуге болмайды.
Өлеңімді өрлеттім.
Ол жақтан апамыз келді.
21. Күрделі сөзді көрсетіңіз.
Ат жақты.
Атқа міну.
Жаңа мекен.
Үлкен шеберхана.
Сыныпты безендіру.
22. Септеулі сөздердің қайсысы мезгілдік мағынаны білдіреді, белгілеңіз.
Менде.
Күзге.
Оның.
Мекен.
Менімен.
23. Белгiсiздiк есiмдiгiн белгілеңіз.
Сен, сiздер.
Ешбiр, ешқайсысы.
Барша, барлық.
Қайда, нешеу.
Әркiм, әрбiр.
24. Омоним болмайтын сөзді көрсетіңіз.
Түс.
Сол.
Ынтымақ.
Көр.
Жастық.
25. Матаса байланысқан анықтауыштық қатынасты табыңыз.
Үйден шығу.
Талдырмаш қыз.
Ақырын жүру.
Үйдің терезесі
Таулы жер.
26. Әр түрлі мағынаға ие бола алатын одағайды көрсетіңіз.
Пай-пай.
Пах-пах.
Қап, тәйт.
Пәлі, ау.
Алақай.
27. Мына сөздерге көптік жалғауының дұрыс жалғанғанын табыңыз.
250 қойлар.
Бірнеше кісілер.
Құрттар.
Сүттер.
Студенттер.
28. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз.
Соңғы тұжырымы осы болғанмен, оны балаларға айтудың да, айтпаудың да орайын таппады.
Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, астан кейін жатып демалды.
Әңгімені бастау үшін Сержанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.
Мен ағама хат жаздым.
29. Жалқы есімді табыңыз.
Өзен.
Бұлақ.
Қамшы.
Темір .
Астана.
30. Дара сан есiмді анықтаңыз.
Тоғыз.
Үш-төрт.
Он бес.
Бiр жүз отыз.
Бiр-бiрден.