Меню сайта
Авторизация
Карта ответов
Скрыть панель
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Проверить
Показать ответы
Начать заново
Новости
Тесты
Математическая грамотность
Грамотность чтения
История Казахстана
Биология
География
Математика
Родной язык и литература
Физика
Всемирная история
Английский язык
Немецкий язык
Французский язык
Химия
Человек. Общество. Право.
Ответы
Гранты
Средне-специальное
Бакалавриат
Таблица грантов
Магистратура
Таблица грантов
Резидентура
Докторантура
Специальности
Бакалавриат
Главная
Тесты ЕНТ старый формат
Қазақ әдебиеті
Вариант 2
Предыдущий вариант
Следующий вариант
1. «Руна жазуы» деген ұғым қай халықтың сөзі екенін табыңыз.
Скандинавия халықтарының сөзі.
Ағылшын сөзі.
Орыс сөзі.
Үнді елінің сөзі.
Түрік сөзі.
2. Құдатғу біліг дастанының авторын табыңыз.
Құтба.
Хорезми.
Ахмет Иүгінеки.
Махмұт Қашқари.
Жүсіп Баласағұн.
3. Аяз би ертегісінің кейіпкерін табыңыз.
Жаман.
Ерназар.
Бапы.
Кендебай.
Шойынқұлақ.
4. Жәнібек ханның Жиреншеге әйелінің өлгенін хабарлауын тұрмыс - салт жырының қай түріне жатқызатынымызды белгілеңіз.
Қоштасу.
Жоқтау.
Жұмбақ.
Мақал.
Естірту.
5. Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиеті түрін белгілеңіз.
Тұрмыс - салт жыры.
Айтыс.
Ертегі.
Наурыз жыры.
Мысал.
6. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.
Рахымжан Қошқарбаев
Талғат Бигелдинов.
Бауыржан Момышұлы.
Мәлік Ғабдуллин.
Қасым Қайсенов.
7.
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер...
Қазтуғанның қай өлеңінен алынған үзінді екенін анықтаңыз.
"Мадақ".
"Белгілі биік көк сеңгір".
"Еділ".
"Салп - салпыншақ".
"Әрайна, билер, әрайна".
8. Ағайынның ішінде
Бір жақсысы бар болса,
Қоңқалаған көп жаман
Сол жақсыны көре алмас, – деген шумақ кімнің өлеңінен алынғандығын табыңыз.
Жиембет.
Доспамбет.
Ақтамберді.
Шернияз.
Шалкиіз.
9. Найза бойы жар екен.
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен
Ел қонбайтын шөл екен, - деп Бұқар жырау қандай мәселені айтқандығын көрсетіңіз.
Сөз өнері.
Достық, адалдық.
Жақсылық пен жамандық.
Ақыл мен ой.
Кәрілік.
10. Мына шығармалардың қайсысы Махамбеттікі екендігін табыңыз.
"Ағайының көп болса"
"Белгілі биік көк сеңгір"
"Ей, Абылай, Абылай"
"Асқар, асқар, асқар тау"
"Ереуіл атқа ер салмай"
11. Шернияз:
Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген? – деп кімге айтқандығын анықтаңыз.
Жәңгірге.
Қарауылқожаға.
Арынғазыға.
Баймағамбетке.
Жәнібекке.
12. Аққан бұлақ сай - салаң,
Шытырман тоғай айналаң,
Жоның жайлау, кең алаң,
Атам қонған кең далам! - деген үзінді Дулаттың қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.
"Ақжайлау мен Сандықтас"
"Арнау өлеңдер"
"Аягөз"
"Өсиетнама"
"Еспенбет"
13. Еділ, Жайық екі су,
Алтын, күміс тас болар.
Арпа, бидай ас болар,
Бірігіп жан тусаң да,
Қарап та жүріп қас болар, - деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.
«Алдаушы жалған».
«Зар заман».
«Замана».
«Бала зар».
«Насихат».
14. Шоқан бірінші рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған жыр.
"Қыз Жібек".
"Жоңғария очерктері".
"Еңлік - Кебек".
"Манас".
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу".
15. Ы. Алтынсарин оқыған Орынбордағы орыс - қазақ мектебінің ашылған жылын көрсетіңіз.
1850 ж.
1860 ж.
1864 ж.
1879 ж.
1841 ж.
16. Абай «Шегертке мен құмырсқа» мысалын кімнен аударғанын табыңыз.
Лермонтов.
Пушкин.
Некрасов.
Белинский.
Крылов.
17. Ақан сері өмірінің соңғы кезеңіне сәйкес келетін жауапты белгілеңіз.
Бала - шағасымен бірге тіршілік етті.
Перінің қыздарымен әуейі болыпты.
Қоскөл бойында жалғызілікті өмір сүрді.
Басқа мекенге қоныс аударды.
Тыныш тұрмыс кешті.
18. Ахмет Байтұрсыновтың аудармалары енген жинақтың атын белгілеңіз.
«Оян, қазақ».
«Маса».
«Қырық мысал».
«Үлгілі бала».
«Үлгілі тәржімә».
19. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы суреттелетін оқиғаны белгілеңіз.
Қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік.
1916 жылғы көтеріліс.
1941 жылғы соғыс.
1917 жылғы қазан көтерілісі.
1917 жылғы ақпан көтерілісі.
20. Бейімбет Майлиннің шығармасын белгілеңіз.
«Шұғаның белгісі».
«Өмір мектебі».
«Тар жол, тайғақ кешу».
«Көкшетау».
«Құлагер».
21. Суреттелген ағаш, шөп атаулыдан тұтас ботаникалық бауды толтыруға болатындай І. Жансүгіров өлеңін табыңыз.
«Жетісу жәндігі».
«Жалпы сын».
«Тау суреті».
«Су суреті».
«Жер түгі».
22. Аш - жалаңаш, жоқшылық тұрмыстағы кедейдің халін Жамбыл қай өлеңінде бейнелегенін табыңыз.
"Замана ағымы".
"Шағым".
"Мәңке туралы".
"Майданға".
"Кедей күйі".
23. ... Еңбекшілер, ендігі күн сенікі,
Жасайды кедей, гүлденсін кедей, жасасын. - Бұл үзінді С. Мұқановтың қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
"Көңілім".
"Бостандық".
"Колхозды ауыл осындай".
"Кедей баласы".
"Сырласу".
24. Мына сөйлемдегі салт - дәстүрге байланысты керек сөзді белгілеңіз.
... Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан -
көрімдік сұратты.
бата тілетті.
алғыс күтті.
рұқсат күтті.
сый дәметті.
25. Қайроштың (Ғ. Мүсірепов "Қазақ солдаты") қай жерлерде соғысқанын белгілеңіз.
Украина, Кавказ.
Батыс Европа жерлері.
Орал бойы, Сталинград.
Москва түбі.
Кавказ, Новороссийск, Ростов, Керчь.
26. Мінездеу дегеніміз не, анықтамасын табыңыз.
Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде әңгімелеу.
Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу.
Сөздерді қарама - қарсы мағынада қолдану.
Табиғат көркін суреттеу.
Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі.
27. Лирикалық жанрдың ерекшелігін көрсетіңіз.
Кейіпкерлерді сөйлестіретін, адамды тікелей қимыл - әрекет үстінде көрсететін жанр.
Кейіпкерлері түрлі аң - құс болып келетін шығарма.
Эпикалық та, лирикалық та түр қатынасқан жанр.
Адамдар арасындағы қарым - қатынастар біртіндеп өрілетін, жазушы бақылағанын тек өрнектеп беруші ғана болатын түр.
Өмір құбылысын автор өзінің түсінуіне қарай өріп, күйініш, сүйінішін өрнектейтін көлемі шағын өлең.
28. Ш. Айтматов қай ұлттың перзенті екенін атаңыз.
Қазақ.
Түрік.
Ұйғыр.
Қырғыз.
Өзбек.
29. «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең - алаң» романдарының авторын табыңыз.
Әбіш Кекілбай.
Ілияс Есенберлин.
Оралхан Бөкей.
Әнуар Әлімжанов.
Мұхтар Мағауин.
30. О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің негізгі кейіпкерін атаңыз.
Көк өгіз.
Тортай.
Ораш.
Дос бала.
Ақ боз ат.