Меню сайта
Авторизация
Карта ответов
Скрыть панель
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Проверить
Показать ответы
Начать заново
Новости
Тесты
Математическая грамотность
Грамотность чтения
История Казахстана
Биология
География
Математика
Родной язык и литература
Физика
Всемирная история
Английский язык
Немецкий язык
Французский язык
Химия
Человек. Общество. Право.
Ответы
Гранты
Средне-специальное
Бакалавриат
Таблица грантов
Магистратура
Таблица грантов
Резидентура
Докторантура
Специальности
Бакалавриат
Главная
Тесты ЕНТ старый формат
Қазақ әдебиеті
Вариант 25
Предыдущий вариант
Следующий вариант
1. М. Әуезовтің жарты ғасырлық оқиғаны қамтитын шығармасын табыңыз.
«Түнгі сарын».
«Абай жолы».
«Қараш - қараш оқиғасы».
«Өскен өркен».
«Қилы заман».
2. Балталы, Бағаналы деген жер аттары қай жырда кездесетіндігін көрсетіңіз.
"Ер Тарғын".
"Қамбар батыр".
"Айман - Шолпан".
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу".
"Қыз Жібек".
3. С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы Итбайдың мақсаты не екендігін анықтаңыз.
Жастарға үлгі - өнеге көрсету.
Ескі салт - санамен күресу.
Баю, мал жию.
Білім алу, өнер үйрену.
Әділетсіздікпен күресу.
4. Асан қайғы есімінің халық арасында кең таралуының басты себебін табыңыз.
Саяхатқа көп шығуы.
Ұрпақтарының даңқтылығы.
Мінезінің ханнан қайтпас қайсарлығы.
Жырларының жоғалып кетпей сақталуы.
Ел аузында аңызға айналуы.
5. «Кедей қызы, дер шағында оқуға түскен. Тұлғасында, мінезінде кісі боларлық белгілер бар. Олай болса, түбінде бұдан әлеуметтік адам шығуында сөз жоқ», - деген сөздердің қай кейіпкерге арналғанын табыңыз.
Ақбілекке.
Ботагөзге.
Жамалға.
Раушанға.
Бәтеске.
6. Қара бөрік қалпайған, - а.
Қайратымен мал жайған, - а.
Қысқа күнде қырық шапқан - а
Осы ұйқас қай түрге жататынын белгілеңіз.
Егіз ұйқас.
Қара өлең ұйқасы.
Кезекті ұйқас.
Шұбыртпалы ұйқас.
Шалыс ұйқас.
7. «Зар заман ақындары» деген ақындарды анықтаңыз.
Махамбет, Шернияз, Алмажан.
Дулат, Шортанбай, Мұрат.
Ақтамберді, Жиембет, Шалкиіз.
Асан қайғы, Бұқар жырау.
Сәкен, Ілияс, Мағжан.
8. Алпамыстың ұлының есімін табыңыз.
Құлтай.
Жоқ.
Ұлтан.
Қараман.
Жәдігер.
9. Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда,
Еңсесі биік боз орда.
Еңкейе кірер күн қайда, - деген шумақ кімдікі екендігін табыңыз.
Доспамбеттікі.
Жиембеттікі.
Шернияздікі.
Қазтуғандікі.
Махамбеттікі.
10. Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма!
Орыспенен соғысып,
Жұртыңа жаулық сағынба, - деп, Бұқар жырау қай ханға айтқандығын көрсетіңіз.
Абылай хан.
Хақназар.
Қасым.
Есім хан.
Тәуке хан.
11. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы уәзірдің атын табыңыз.
Ұғділміш.
Дана - дәруіш.
Күнтуды.
Айтолды.
Оғдұрмыш.
12. «Қымбат маған елімнің бар даласы –
Балтық пенен Сахалиннің арасы.
Қайда болсын қиям оған жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді, » - үзінді қай ақынның өлеңінен алынғанын атаңыз.
Нәсір Фазылов.
Сырбай Мәуленов.
Мұса Жәлел.
Шыңғыс Айтматов.
Расул Ғамзатов.
13. Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар,
Енді сенің торыңа…
Байлар ұрлық қылады, - деген тармақтар Шортанбай Қанайұлының қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.
«Бала зар».
«Насихат».
«Зар заман».
«Алдаушы жалған».
«Замана».
14. 1859 жылы Ы. Алтынсарин Орынборда танысқан орыс профессорын көрсетіңіз.
Семенов - Тян - Шанский.
Михаэлис.
Потонин.
Григорьев.
Павлов.
15. Төмендегі салт өлеңінің түрін белгілеңіз.
… Құтты болсын айтамыз тойыңызға,
Той иесі, тойыңыз тойға ұлассын!
Сыңсу.
Беташар.
Той бастар.
Жоқтау.
Қоштасу.
16. Өмір мен өлім туралы психологиялық толғанысын жазған жауынгер - жазушыны белгілеңіз.
Жұбан Молдағалиев.
Қасым Қайсенов.
Баубек Бұлқышев.
Мұса Жалел.
Қасым Аманжолов.
17. Қазақ жазушысының Ұлы Отан соғысынан кейін жазылған шығармасын табыңыз.
"Ақбілек".
"Ақ Жайық".
"Жер қазғандар".
"Майдан".
"Берен".
18. Сәбит Дөнентаевтың қай өлеңінде аллитерация қолданылғандығын көрсетіңіз.
«Қазақтарға қарап».
«Бірлік».
«Замандастар».
«Заман кімдікі».
«Талап».
19.
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап - сары аяқтары ұзын маса...
– қай ақынның өлеңінен алынған тармақтар екенін көрсетіңіз.
Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Міржақып Дулатов.
Жүсіпбек Аймауытов.
Ахмет Байтұрсынов.
Мағжан Жұмабаев.
20. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі сюжеттің шарықтау шегін анықтаңыз.
Әбдірахманның өлімі.
Шұғаның аурудан айығуы.
Екі жастың бақытты өмір сүруі.
Шұғаның өлімі.
Шұңаның қатты құса боп ауруға шалдығуы.
21. Шешендік сөздің авторын белгілеңіз.
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін!
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін!
Жиренше шешен.
Бұхар жырау.
Аяз би.
Қазтуған жырау.
Асан қайғы.
22. С. Торайғыровтың әкесінің шын атын көрсетіңіз.
Торайғыр.
Шоқпыт.
Әбубәкәр.
Әбілқайыр.
Әбілмәмбет.
23. Ыбырай Алтынсариннің Орынбордағы шекаралық комиссияға қай жылы тілмаш болып ауысқанын анықтаңыз.
1860 жыл.
1857 жыл.
1876 жыл.
1859 жыл.
1864 жыл.
24. С. Мұқановтың проза саласындағы алғашқы үлкен еңбегін табыңыз.
"Сырдария".
"Менің мектептерім ".
"Ботагөз".
"Балуан Шолақ".
"Адасқандар".
25. Шәкәрімнің «Қалқаман - Мамыр» дастанындағы Қалқаман мен Мамырдың қосылуына кедергі болған жағдайды табыңыз.
Екеуі немерелес туыс болғандықтан.
Бірі кедей, бір бай балалары болғандығы.
Қалқаманның айттырған қалыңдығы болғандықтан.
Мамырдың аурулығы себепті.
Мамыр біреудің некелі жары болғандықтан.
26. Мұрат Мөңкеұлының өмірге келген, өмірден өткен жылдарын көрсетіңіз.
1818 - 1881 жж.
1858 - 1931 жж.
1870 - 1904 жж.
1858 - 1912 жж.
1843 - 1906 жж.
27. Жазған кітабын Табғаш Қара Боғраханға тарту еткен ақынды табыңыз.
А. Яссауи.
Ж. Баласағұн.
С. Бақырғани.
М. Қашқари.
Әл - Фараби.
28. Әл - Фараби туындысын анықтаңыз.
"Ақырзаман кітабы ".
"Диуани хикмат ".
"Китаб аш шеер " ("Өлең кітабы ").
"Поэтикалық мадақ ".
"Бақыт кітабы ".
29. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» қай алфавиттің негізінде жасады, көрсетіңіз.
Орыс.
Парсы.
Араб.
Славян.
Түрік.
30. Абай Құнанбайұлының туған жерін белгілеңіз.
Қарағанды облысы.
Павлодвр облысы.
Семей облысы.
Қостанай болысы.
Қызылорда облысы.