Меню сайта
Авторизация
Карта ответов
Скрыть панель
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Проверить
Показать ответы
Начать заново
Новости
Тесты
Математическая грамотность
Грамотность чтения
История Казахстана
Биология
География
Математика
Родной язык и литература
Физика
Всемирная история
Английский язык
Немецкий язык
Французский язык
Химия
Человек. Общество. Право.
Ответы
Гранты
Средне-специальное
Бакалавриат
Таблица грантов
Магистратура
Таблица грантов
Резидентура
Докторантура
Специальности
Бакалавриат
Главная
Тесты ЕНТ старый формат
Қазақ әдебиеті
Вариант 27
Предыдущий вариант
Следующий вариант
1. «Данышпан Аликтің ажалы», «Қасқыр мен мысық» аудармаларының авторын белгілеңіз.
Міржақып Дулатов.
Мағжан Жұмабаев.
Жүсіпбек Аймауытов.
Ахмет Байтұрсынов.
Шәкәрім Құдайбердіұлы.
2. Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінің кейіпкерін атаңыз.
Амангелді.
Әбдірахман.
Жүзтайлақ.
Пұлыш.
Досан.
3. Жамбылдың өмір сүрген жылдарын табыңыз.
1846 - 1945жж.
1894 - 1947жж.
1860 - 1960жж.
1876 - 1944жж.
1845 - 1846жж.
4. «Біржан мен Сара» айтысы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңыз.
Жар - жар айтысы.
Жұмбақ айтысы.
Бәдік айтысы.
Ақындар айтысы.
Жануарлар мен адам айтысы.
5. Бұл бостандық көктен бізге келмеді,
Ешкім бізге сыйлап оны бермеді, - деген өлең жолдары С. Мұқановтың қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
"Сұлушаш".
"Майға сәлем".
"Малшының мақтанышы".
"Колхозды ауыл осындай".
"Бостандық".
6. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
"Мұхаббат - наме".
Қорқыт ата.
"Күлтегін", "Тоныкөк".
"Құдатғу біліг".
"Диуани лұғат ат - түрік".
7. Сәлем - борыш, сөз - қулық болғаннан соң (Абай)
Көркем бейнелеудің қай түрі екенін табыңыз.
Метонимия.
Теңеу.
Эпитет.
Метафора.
Синекдоха.
8. Б. Өтетілеуовтің ХХ ғ. басында әдебиеттің қандай саласын қалыптастырғанын табыңыз.
Сюжетті сатиралық өлең, мысалды.
Аудармашылықты.
Лириканың азаматтық үнін.
Көлемді прозаны.
Публицистиканы.
9. Бұқар жыраудың:
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған, - деген тармақтарындағы "аттың басын тартпау" тіркесінің қолданылу мағынасын анықтаңыз.
Ел кезбе, қыдырғыш деген ұғымда айтылған.
Баукеспе ұры деген мағынаны білдіреді.
Атты тежеме, ірікпей алға жіберу деген ұғымда, тура
мағынада қолданылған.
Жаудан қаймықпаған, қайтпаған деген ұғымдағы
ауыспалы мағынада суреттелген.
Асыра суреттеу, көтермелеу мағынасында бейнеленген.
10. «Ел баласы» деген сөздің мәнін анықтаңыз.
Үйдегіні сыртқа таситын бала.
Бір ауылға ортақ бала.
Туған баласы емес.
Көптің қамын ойлайтын бала.
Асырап алған бала.
11. Бөл - бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөгелмей білім біл, бөбек.
Білмесең білім бекерсің,
Бет алдыңа кетерсің. (Бөбек бөлеу). Бұл шумақтағы дыбыс үндесу тәсілін табыңыз.
Литота.
Фигура.
Ассонанс.
Гипербола.
Аллитерация.
12. «Құмырсқа мен көгершін», «Атасы мен немересі», «Ат пен есек»деген мысал үлгісіндегі шағын әңгімелердің авторын табыңыз.
С. Көбеев.
М. Абайұлы.
С. Дөнентаев.
А. Қорамсаұлы.
С. Торайғыров.
13. Жамиғат - тауарих кімнің еңбегі екенін табыңыз.
Мұхаммед Салих.
Әбілғазы Бахадүр.
Қадырғали Жалайри.
З. М. Бабыр.
М. Х. Дулати.
14. Шәкәрімнің "Мәнді сөздері" қандай туынды екенін табыңыз.
Трактат.
Роман.
Өлеңдер жинағы.
Әңгімелер жинағы.
Афористік топтама.
15. «Қараой» шығармасының авторын табыңыз.
Ж. Молдағалиев.
Ғ. Мүсірепов.
Қ. Жұмаділов.
Д. Исабеков.
Т. Әлімқұлұлы.
16. С. Торайғыровтың поэмасын табыңыз.
«Ескендір».
«Маса».
«Адасқан өмір».
«Қырық мысал».
«Сұлушаш».
17. Қырағыкөз, Желаяқ, Саққұлақ, Таукөшірер, Көлтауысар кездесетін ертегіні белгілеңіз.
«Aлтын сақа»
«Керқұла атты Кендебай»
«Eр Төстік»
«Қотыр торғай»
«Ұшқыш кілем»
18. Ыбырай Алтынсариннің өлеңін белгілеңіз.
«Болыс болдым мінеки».
«Досыма хат».
«Сегіз аяқ».
«Қалың елім, қазағым».
«Кел, балалар, оқылық».
19. Абай Құнанбайұлының әжесінің атын белгілеңіз.
Нұрғаным.
Қамқа.
Ұлжан.
Ділдә.
Зере.
20. «Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін,
Адамзат озар емес өз басыңнан, » - деген сөздерді қай айтыс ақыны кімге арнап айтқанын табыңыз.
Омарқұл Тәбияға.
Біржан Сараға.
Мұрат Жантөліге.
Әжек Шәріпжамалға.
Әсет Рысжанға.
21. С. Мұқановтың "Ботагөз" романындағы Асқардың кім екенін табыңыз.
Ботагөздің жары.
Ботагөздің інісі.
Итбайдың баласы.
Ботагөздің нағашы ағасы.
Ботагөздің туысы.
22. Құлагер поэмасында кімнің асы суреттелетінін табыңыз.
Ақан.
Абай.
Көтібар.
Сағынай.
Батыраш.
23. Гүлбаршын сұлудың Алпамысты жар етіп таңдаған себебін көрсетіңіз.
Байбөрі байдың жалғыз ұлы болғасын.
Айттырған адамы болғандықтан еріксіз таңдайды.
Тұрмысқа шығу керек болғандықтан.
Бір жағы батыр, екінші жағы қазақ жігіті болғаны үшін.
"Бір кірпігі алтын, бір кірпігі күміс" асқан сұлулығы үшін.
24. Аңыз бойынша ажал Қорқытқа қалай келетінін табыңыз.
Оқ.
Су.
От.
Ауру.
Жылан.
25. «Күлдір - күлдір кісінетіп» толғауының авторын көрсетіңіз.
Ақтамберді.
Шалкиіз.
Қазтуған.
Жиембет.
Асан қайғы.
26. Б. Майлиннің 1916 жылғы ұлт - азаттың қозғалысқа арналған (Ғ. Мүсіреповпен бірлесіп жазған) пьесасы.
«Майдан».
«Ауыл мектебі».
«Амангелді».
«Біздің жігіттер».
«Жасырын жиылыс».
27. Сөз өнері жөнінде айтылған төмендегі үзіндінің авторын белгілеңіз.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
С. Сейфуллин.
А. Құнанбаев.
А. Байтұрсынов.
С. Торайғыров.
М. Жұмабаев.
28. «Ақбілек» романындағы Ақбілектің баласының есімін белгілеңіз.
Балташ.
Бекболат.
Ескендір.
Мамырбай.
Мұқаш.
29. Асау тулап жықпасқа
Артқы айылдың беркі игі... Қай шығармадан алынған үзінді екенін анықтаңыз.
"Қоғалы көлдер, қом сулар".
"Жел, жел есер, жел есер".
"Шағырмақ бұлт жай тастар".
"Жауынды күні көп жүрме".
"Ор, ор қоян, ор қоян".
30.
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер...
Қазтуғанның қай өлеңінен алынған үзінді екенін анықтаңыз.
"Әрайна, билер, әрайна".
"Еділ".
"Салп - салпыншақ".
"Мадақ".
"Белгілі биік көк сеңгір".