Меню сайта
Авторизация
Карта ответов
Скрыть панель
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Проверить
Показать ответы
Начать заново
Новости
Тесты
Математическая грамотность
Грамотность чтения
История Казахстана
Биология
География
Математика
Родной язык и литература
Физика
Всемирная история
Английский язык
Немецкий язык
Французский язык
Химия
Человек. Общество. Право.
Ответы
Гранты
Средне-специальное
Бакалавриат
Таблица грантов
Магистратура
Таблица грантов
Резидентура
Докторантура
Специальности
Бакалавриат
Главная
Тесты ЕНТ старый формат
Қазақ әдебиеті
Вариант 32
Предыдущий вариант
Следующий вариант
1. «Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын!» - деген жолдардағы көркемдеу тәсілінің түрін табыңыз.
Сатира.
Мадақтау.
Ирония.
Символ.
Астарлау.
2. Қазақстанда Жоғарғы Үкімет аппаратында басшылық қызмет атқарған қаламгерді көрсетіңіз.
А. Байтұрсынов.
Ж. Аймауытов.
М. Дулатов.
М. Жұмабаев.
С. Сейфуллин.
3. Қылшанымды сары жүн оққа толтырып
Жанға сақтау болған жұрт, -... деген үзіндідегі көркемдегіш құралды анықтаңыз. (Қазтуған жырау)
Инверсия.
Метафора.
Теңеу.
Эпитет.
Метонимия.
4. Ахмет Байтұрсыновтың аудармасын табыңыз.
«Әдебиет танытқыш».
«Жауға түскен жан сөзі».
«Балықшы мен балық».
«Маса».
«Жиған - терген».
5. «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінің тақырыбын анықтаңыз.
Батырлық.
Оқу, білім.
Ана.
Табиғат.
Махаббат.
6. Абайдың анасының атын белгілеңіз.
Ұлжан.
Күңке.
Зере.
Айғыз.
Ділда.
7.
Қойшы - қолаң, қайда үңкей сиыршы!
Маңайыма келіп бәрің жиылшы!
- деген тармақтар Б. Майлиннің қай кейіпкерінің сөзі екендігін табыңыз.
Азат әйелдің.
Маржанның.
Қуаныштың.
Мырқымбайдың.
Тең әйелдің.
8. «Сөз – жібек жіп, жыр – кесте…» деген тармақ кімдікі екендігін табыңыз.
Асан қайғы.
Бұқар.
Шортанбай.
Дулат.
Шернияз.
9. Абайдың әкесінің атын белгілеңіз.
Құнанбай.
Өскенбай.
Тобықты.
Ырғызбай.
Оспан.
10. Жамбыл бастаған халық поэзиясының көрнекті өкілдерін атаңыз.
Н. Байғанин, К. Әзірбаев, Н. Бекежанов.
С. Дөнентаев, С. Көбеев.
Ш. Иманбаева, И. Байзақов.
А. Тоқмағанбетов, Ө. Тұрманжанов.
Х. Досмұхамедов, Ғ. Сланов, Қ. Кемеңгеров.
11. Көне дәуірдегі тіл білімінің басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбекті белгілеңіз.
«Диуани хикмат».
«Қисса - сул әнбия».
«Құтты білік».
«Хибатул - хақайық».
«Диуани лұғат ат - түрк».
12. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Әбдірахманның сұйген қызын белгілеңіз.
Маржан.
Раушан.
Зәйкұл.
Разия.
Шұға.
13. Еділ, Жайық екі су,
Алтын, күміс тас болар.
Арпа, бидай ас болар,
Бірігіп жан тусаң да,
Қарап та жүріп қас болар, - деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.
«Насихат».
«Зар заман».
«Алдаушы жалған».
«Бала зар».
«Замана».
14. Төмендегі өлең жолдары қай кезде айтылатынын көрсетіңіз.
Қаз - қаз балам, қаз балам.
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Бесік жыры.
Мектепке барғанда.
Тұсау кесу жыры.
Үйлену тойында.
Басқа жаққа көшкенде.
15. С. Торайғыровтың Троицк қаласына бару мақсатын анықтаңыз.
Әкесі жіберді.
Оқуды армандады.
Қаланы көріп, тану үшін барды.
Сьезге барды.
Туған - туыстарына амандасу үшін барды.
16. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі сюжеттің шарықтау шегін анықтаңыз.
Шұғның өлімі.
Шұғаның қатты құса боп ауруға шалдығуы.
Әбдірахманның өлімі.
Екі жастың бақытты өмір сүруі.
Шұғаның аурудан айығуы.
17. С. Көбеевтің "Қалың мал" романында Тұрлығұлға: "Қатын өлді - қамшының сабы сынды" деген, мал берсең, біреу өзі - ақ қызын әкеп тастар" деп көңіл айтушы кім екенін анықтаңыз.
Байғазы.
Әлкен.
Серғазы.
Жүніс.
Ауыл ақсақалдары.
18. Алпамыс батыр жырындағы сиқырлы сыбызғышы
Жәдігер.
Кейқуат.
Алпамыс.
Қаракөзайым.
Байбөрі.
19. Махамбет зілді сөздерін арнаған сұлтанды табыңыз.
Жәңгір.
Бөкей.
Баймағанбет.
Шыңғыс.
Қарауылқожа.
20. Омар Хайямды әлем жұртшылығы кім ретінде бағалайтынын табыңыз.
Астроном, философ, ақын.
Дәрігер, ақын.
Математик, философ, ақын.
Драматург, ақын.
Ақын, прозаик.
21. Ы. Алтынсаринді тәрбиелеген атасын белгілеңіз.
Оспан би.
Алтынсары.
Балқожа би.
Абай.
Қартқожақ.
22. ... Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім… - қай өлеңнің үзіндісі екенін көрсетіңіз.
«Ғылым таппай мақтанба».
«Сегіз аяқ».
«Интернатта оқып жүр».
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
«Қыс».
23. Орхон - Енисей өзендері аңғарынан табылған тастағы дастандарды белгілеңіз.
«Күлтегін», «Тоныкөк».
«Құдатғу біліг».
«Диуани лұғат ат - түрік».
«Диуани хикмет».
«Оғыз - наме».
24. Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы әсем суреттелген қазақ өлкесін табыңыз.
Жетісу, Балқаш.
Көкшетау, Бурабай.
Сандықтас, Аягөз.
Алтай, Марқакөл.
Баянауыл, Қарқаралы.
25. Біз кәрлі кезеңнің, соғысты заманның жандарымыз. Біз соғыста туғанбыз, соғыста өлеміз. Осының бәрі сендер үшін, кейінгі ұрпақ! Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.
Қ. Қайсенов.
Ә. Нұрпейісов.
Б. Бұлқышев.
Т. Айбергенов.
Б. Момышұлы.
26. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген материалдардың біразы қайдан алынғанын табыңыз.
Ақан серінің өлеңдерінен.
Лев Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан.
Шоқанның еңбектерінен.
Абайдың поэмаларынан.
Абайдың қара сөздерінен.
27. Көсемсөз деген ұғымның мағынасын анықтаңыз.
Ұран сөздер.
Әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы.
Сан салалы жанр арқылы жасалған дүние.
Әр күнгі уақиғаны тізіп отыратын дәптер.
Жазушылардың өмір шындығын суреттеу ерекшелігі.
28. Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы Назираның әжесінің есімі мен оның бойындағы қасиеттерді табыңыз.
Жібек мінезді Зылиқа.
Сезімтал Зәуреш.
Өткір жүзді Дариға.
Ойлы Света.
Көріпкелі бар Қамқа.
29. Ғадыл төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар,
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар, - деген өлең шумағы кімдікі екендігін табыңыз.
Ақтамбердінікі.
Махамбеттікі.
Шалкиіздікі.
Шернияздікі.
Төле бидікі.
30. Еркін жатқан қайран ел,
Дәулетің бейне шалқар көл…
Енді келіп қамалдың
Орыс салған қамалға… - деген өлең шумағының авторын табыңыз.
Бұқар жырау.
Шортанбай.
Дулат.
Ақтамберді.
Асан қайғы.