Меню сайта
Авторизация
Карта ответов
Скрыть панель
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Проверить
Показать ответы
Начать заново
Новости
Тесты
Математическая грамотность
Грамотность чтения
История Казахстана
Биология
География
Математика
Родной язык и литература
Физика
Всемирная история
Английский язык
Немецкий язык
Французский язык
Химия
Человек. Общество. Право.
Ответы
Гранты
Средне-специальное
Бакалавриат
Таблица грантов
Магистратура
Таблица грантов
Резидентура
Докторантура
Специальности
Бакалавриат
Главная
Тесты ЕНТ старый формат
Қазақ әдебиеті
Вариант 36
Предыдущий вариант
Следующий вариант
1. Мағжанның «Қазағым» өлеңі лириканың қай түріне жататынын атаңыз.
Әлеуметтік лирика.
Табиғат лирикасы.
Махаббат лирикасы.
Көңіл күй лирикасы.
Философиялық лирика.
2. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» туындысында жалғыз шалдың неге шегара бұзып, тау асып келе жатқанын табыңыз.
Жаулардан қашып келеді.
Мал ұрлау үшін келеді.
Туған жеріне келеді.
Адасып келеді.
Түрмеден қашып келеді.
3. Хандардың опасыздығын баса көрсететін жырды белгілеңіз.
"Ер Тарғын".
"Айман - Шолпан".
"Қобыланды батыр".
"Қамбар батыр".
"Алпамыс".
4. Кенелемін деген жігіттің
Жылқы ішінде екі арғымағы тел өсер, - қай шығарманың үзіндісі екенін анықтаңыз.
"Ор, ор қоян, ор қоян".
"Жел, жел есер, жел есер".
"Қоғалы көлдер, қом сулар".
"Жауынды күні көп жүрме".
"Шағырмақ бұлт жай тастар".
5. Махамбет:
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық,
Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық, - деген үзіндіде қандай көркемдік тәсіл қолданғанын табыңыз.
Аллитерация.
Ассонанс.
Метафора.
Антитеза.
Теңеу.
6. Ш. Құдайбердиевтің «Қалқаман - Мамыр» дастанында аты аталатын бабаны табыңыз.
Төле би.
Абыз баба.
Майқы би.
Сыпыра жырау.
Әнет баба.
7. 1916 жыл оқиғасына байланысты «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінің авторын табыңыз.
И. Дәукебаев.
О. Шипин.
Ж. Жабаев.
Т. Көбдіков.
С. Есенбаев.
8. С. Мұқановтың «Сырдария» романында әңгіме болатын шаруашылық түрін табыңыз.
Егін егу жайы.
Мақта өсіру жұмысы.
Канал қазып, күріш егу мәселесі.
Қой шаруашылығы.
Қала салып, өндіріс жүргізу ісі.
9. Қазақ жазушылары арасында Социалистік Еңбек Ері атағын алған бірден - бір жазушының кім екендігін көрсетіңіз.
Ә. Кекілбаев.
Ғ. Мүсірепов.
Ә. Нұрпейісов.
М. Әуезов.
Т. Ахтанов.
10. Абай жолы романындағы Абай жақсы көрген ойын атын белгілеңіз.
Ақсүйек.
Асық ойнау.
Тоғызқұмалақ.
Қыз қуу.
Көкпар.
11. Кімде - кім хикмат (философия) білімін оқып үйренуге кіріспек болса, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс, әдепті, қайырымды адам болуы
керек, - деген пікірді айтқан –
Әбу Әли ибн Сина.
Әл - Фараби.
Махмұд Қашқари.
Жүсіп Баласағұни.
Қожа Ахмет Яссауи.
12. «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршын сұлуды зорлық етіп, алмақшы болған батыр.
Қараман.
Домбауыл.
Қаражан.
Көбікті.
Олалай.
13. Шалкиіз жырау қай жерде дүниеге келгенін табыңыз.
Есіл.
Жетісу.
Көкше.
Жайық.
Тарбағатай.
14. С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы ұнамсыз кейіпкерлерді табыңыз.
Бірке, Әлкен, Жүніс.
Қасен, Қалтан қажы.
Ақсұлу, Жүзтайлақ.
Тұрлығұл, Байғазы, Құрымбай.
Жорға Нұрым, Оспан.
15. Жұрт біздің Екей руын мазақтап, Екейде елу бақсы, сексен ақын" деген ат аз ба? Сексен бірінші боп қайтесің? " - деген сөздерді Жамбылға кім айтқанын белгілеңіз.
Анасы.
Сүйінбай.
Ауыл ақсақалдары.
Әкесі.
Құдияр.
16. «Ш. Уәлиханов» пьесасының авторын белгілеңіз.
С. Сейфуллин.
Ғ. Мұстафин.
Ж. Аймауытов.
С. Мұқанов.
М. Әуезов.
17. «Оянған өлкенің» (Ғ. Мүсірепов) кейіпкерлерін табыңыз.
Қосым, Сәден.
Қапия ана.
Мәрзия, Дәмелі.
Жұман, Игілік.
Мүслима, Ермек.
18. Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңіндегі ой қорытындысын табыңыз.
Сөз өнері.
Ел бірлігі.
Жастық туралы.
Кәрілік туралы.
Ерлік, батырлық.
19. «Бір тойым болатыны сөзсіз менің» деп армандап өткен талантты қазақ ақынын табыңыз.
С. Торайғыров.
Ж. Молдағалиев.
С. Дөнентаев.
Т. Айбергенов.
М. Мақатаев.
20. «Қамар сұлу» романындағы кедей ортасынан шыққан, аздап оқыған жігіт, жаңа дәуірдіғ өкілі кім екенін белгілеңіз.
Қалтан қажы.
Оспан би.
Ахмет.
Жорға Нұрым.
Сәрсенбай.
21. Бейімбет Майлиннің «Шұғанығ белгісі» повесіндегі Шұғаның сүйген жігітін табыңыз.
Қауқымбай.
Адақ.
Амантай.
Кәрім.
Әбдірахман.
22. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
1864 ж. Торғайда.
1863 ж. Ырғызда.
1865 ж. Қостанайда.
1866 ж. Омбыда.
1865 ж. Орынборда.
23. «Дауылдан кейін» романының авторын табыңыз.
Ғ. Мұстафин.
Ә. Сәрсенбаев.
Ж. Молдағалиев.
З. Шашкин.
Б. Момышұлы.
24. Алпамыс батыр жырында: "Ұлтан бегіме лайық өлеңді өзім айтамын", - деген кім екенін белгілеңіз.
Тортай.
Жәдігер.
Бадамша.
Құлтай.
Аналық.
25. Махамбеттің өлеңін табыңыз.
"Белгілі биік көк сеңгір"
"Ағынды сулар, аймақ көл"
"Бұл заманда не ғаріп"
"Бағаналы терек"
"Асқар, асқар, асқар тау"
26. Сот реформасы туралы жазған кім екенін белгілеңіз.
Ыбырай.
Ахмет.
Шоқан.
Жүсіпбек.
Шәкәрім.
27. І. Жансүгіровтің «Әкемнен қалған көз еді» деп ардақтала аяқталатын натюрморттық өлеңінің атын белгілеңіз.
«Киіз үй».
«Сабын».
«Ала бие».
«Саптыаяқ».
«Саят».
28. Жамбылдың қай ақынмен айтысқанын табыңыз.
Біржан.
Сара.
Арыстанбай.
Құлмамбет.
Омарқұл.
29. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.
Шешім.
Пролог.
Кульминация.
Экспозиция.
Эпилог.
30. Абайдың дүниеден өткен жылын көрсетіңіз.
1960 ж.
1902 ж.
1904 ж.
1903 ж.
1901 ж.