Меню сайта
Авторизация
Карта ответов
Скрыть панель
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Проверить
Показать ответы
Начать заново
Новости
Тесты
Математическая грамотность
Грамотность чтения
История Казахстана
Биология
География
Математика
Родной язык и литература
Физика
Всемирная история
Английский язык
Немецкий язык
Французский язык
Химия
Человек. Общество. Право.
Ответы
Гранты
Средне-специальное
Бакалавриат
Таблица грантов
Магистратура
Таблица грантов
Резидентура
Докторантура
Специальности
Бакалавриат
Главная
Тесты ЕНТ старый формат
Қазақ әдебиеті
Вариант 44
Предыдущий вариант
Следующий вариант
1. «Қамар сұлу» романының авторын белгілеңіз.
Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Жүсіпбек Аймауытов.
Спандияр Көбеев.
Мағжан Жұмабаев.
Міржақып Дулатов.
2. «Қамар сұлу» романының кейіпкерлерін белгілеңіз.
Ғайша, Тұрлығұл.
Ахмет, Омар.
Әнуар, Күлтай.
Жамал, Ғани.
Сәрсенбек, Байжан.
3. «Қараой» шығармасының авторын табыңыз.
Ғ. Мүсірепов.
Ж. Молдағалиев.
Д. Исабеков.
Т. Әлімқұлұлы.
Қ. Жұмаділов.
4. «Қаратаудың басынан көш келеді» әні қандай оқиғаға байланысты шығарылғанын табыңыз.
Жоңғар шапқыншылығы.
Жазықсыз қудалауға қатысты.
Монғол шапқыншылығы.
Ашаршылыққа байланысты.
Ұлт - азаттық көтеріліске байланысты.
5. «Қараш - Қараш оқиғасы» қай жанрға жататынын көрсетіңіз.
Әңгіме.
Поэма.
Пьеса.
Повесть.
Роман.
6. «Қартқожа» романынан алынған үзіндінің кімнің сөзі екенін белгілеңіз
«Қазақ қайырымды, кең, меймандос, зерек, ақылды жұрт… Патша жаман. Біздің мұжық та надан. Басқа жұртты жек көреді…
Жұман.
Қартқожа.
Тұңғышбай.
Андрей.
Дәрмен.
7. «Қобыланды батыр» жырындағы Қобыландының әкесінің атын табыңыз.
Тоқтарбай.
Әлімбай.
Тортай.
Байбөрі.
Құлтай.
8. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры – адал достықты жырлайтын дастан… - деп айтқан:
С. Мұқанов.
Н. Потанин.
І. Жансүгіров.
М. Әуезов.
Ш. Уәлиханов.
9. «Қолаң шашты, қой көзді алшаңдаған аруым» деп, қай батырдың сүйген жарына тіл қататынын табыңыз.
Қамбар - Назым.
Алпамыс - Қарагөзайым.
Алпамыс - Гүлбаршын.
Қобыланды - Құртқа.
Ер Тарғын - Ақжүніс.
10. «Қуаныш», «Кедейдің кейістігі» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.
Ілияс Жансүгіров.
Сәкен Сейфуллин.
Жамбыл Жабаев.
Бейімбет Майлин.
Ахмет Байтұрсынов.
11. «Құмырсқа мен көгершін», «Атасы мен немересі», «Ат пен есек»деген мысал үлгісіндегі шағын әңгімелердің авторын табыңыз.
А. Қорамсаұлы.
С. Көбеев.
С. Торайғыров.
М. Абайұлы.
С. Дөнентаев.
12. «Қымбат маған елімнің бар даласы –
Балтық пенен Сахалиннің арасы.
Қайда болсын қиям оған жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді, » - үзінді қай ақынның өлеңінен алынғанын атаңыз.
Расул Ғамзатов.
Мұса Жәлел.
Сырбай Мәуленов.
Нәсір Фазылов.
Шыңғыс Айтматов.
13. «Қырық мысал» жинағының авторын белгілеңіз.
Шәкәрім Құдайбердұлы.
Жүсіпбек Аймауытов.
Міржақып Дулатов.
Ахмет Байтұрсынов.
Мағжан Жұмабаев.
14. «Қыс», «Қараша, желтоқсанмен сол бір - екі ай» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.
Абай Құнанбаев.
Ыбырай Алтынсарин.
Шоқан Уәлиханов.
Мағауия Абайұлы.
Сұлтанмахмұт Торайғыров.
15. «М. Әуезов маған әкедей қамқор болған кісі», - деген пікірдің иесін көрсетіңіз.
Ә. Тәжібаев.
Ш. Айтматов.
Р. Нұрғалиев.
З. Қабдолов.
Қ. Мырзалиев.
16. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» поэмаларының авторын белгілеңіз.
Абай Құнанбайұлы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Шоқан Уәлиханов.
Мағауия Абайұлы.
Ыбырай Алтынсарин.
17. «Махаббат қызық мол жылдар» романының авторын табыңыз.
Қ. Жұмәділов.
О. Бөкей.
Д. Исабеков.
Ә. Нұршайықов.
Ш. Мұртаза.
18. «Медғат - Қасым» поэмасы Абайдың қай ұлынікі, белгілеңіз.
Мағауия.
Ақылбай.
Шәкәрім.
Тұрағұл.
Әбдірахман.
19. «Мен - қазақпын» поэмасының авторын табыңыз:
О. Сүлейменов.
С. Мәуленов.
Ә. Тәжібаев.
Ж. Молдағалиев.
Қ. Мырзалиев.
20. «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп, өзін Шернияз ақын кімге таныстыратынын табыңыз.
Ел - жұртқа.
Бөкей ханға.
Махамбетке.
Баймағамбет сұлтанға.
Жәңгір ханға.
21. «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым - отыз бесте»
Кімнің портреті екенін көрсетіңіз.
Бекболат.
Мұқаш.
Мамырбай.
Балташ.
Ескендір.
22. «Менің Дағыстаным» кітабының авторын көрсетіңіз.
Б. Кербебаев.
С. Айни.
Р. Ғамзатов.
П. Тычина.
Ш. Айтматов.
23. «Менің жасым кінегеде әлденешеде жүр… 18… 19… таяу тұр - ау өзі. Қатеден бір жасты қосып жіберсе, кеткеніміз ғой… ойбай - ау!»
Қай кезең оқиғасы жайында екенін көрсетіңіз.
1941 жылғы соғыс.
Ұлт - азаттық көтеріліс.
1917 жылғы қазан төңкерісі.
1916 жылғы маусым жарлығы.
1917 жылғы ақпан төңкерісі.
24. «Мінкен ер» өлеңінің авторын табыңыз.
Махамбет.
Шернияз.
Бұқар.
Жамбыл.
Мұрат.
25. «Мына қараңғы түнде, қараңғы көлеңке бөлмеде тағы да бір әлсіз шырақ тұтанып, жылтырап жанып келеді. » Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романынан алынған осы үзіндінің кімге арнап айтылғанын табыңыз.
Назираға.
Қасымбекке.
Бойға біткен балаға.
Дариғаға.
Светаға.
26. «Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қонысың болсын қазақтан, » - деген жолдардың авторын табыңыз.
Ақтамберді.
Жиембет.
Дулат.
Бұқар.
Махамбет
27. «Оянған өлкенің» (Ғ. Мүсірепов) кейіпкерлерін табыңыз.
Мүслима, Ермек.
Қосым, Сәден.
Жұман, Игілік.
Мәрзия, Дәмелі.
Қапия ана.
28. «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінің негізгі идеясын табыңыз.
Табиғат көрінісін суреттеу.
Үстем тапқа деген кекті білдіру.
Ел билеушілерінің мінез - құлқын сынау.
Әділетсіздікті сынау.
Қараңғы қазақ қауымына озық мәдениетті елдердің үлгі - өнегесін көрсету.
29. «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінңң тақырыбын анықтаңыз.
Оқу, білім.
Батырлық.
Ана.
Табиғат.
Махаббат.
30. «Руна жазуы» деген ұғым қай халықтың сөзі екенін табыңыз.
Үнді елінің сөзі.
Орыс сөзі.
Түрік сөзі.
Скандинавия халықтарының сөзі.
Ағылшын сөзі.