Меню сайта
Авторизация
Карта ответов
Скрыть панель
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Проверить
Показать ответы
Начать заново
Новости
Тесты
Математическая грамотность
Грамотность чтения
История Казахстана
Биология
География
Математика
Родной язык и литература
Физика
Всемирная история
Английский язык
Немецкий язык
Французский язык
Химия
Человек. Общество. Право.
Ответы
Гранты
Средне-специальное
Бакалавриат
Таблица грантов
Магистратура
Таблица грантов
Резидентура
Докторантура
Специальности
Бакалавриат
Главная
Тесты ЕНТ старый формат
Қазақ әдебиеті
Вариант 62
Предыдущий вариант
Следующий вариант
1. Кенелемін деген жігіттің
Жылқы ішінде екі арғымағы тел өсер, - қай шығарманың үзіндісі екенін анықтаңыз.
Жауынды күні көп жүрме.
Шағырмақ бұлт жай тастар.
Ор, ор қоян, ор қоян.
Қоғалы көлдер, қом сулар.
Жел, жел есер, жел есер.
2. Кеңес жазушыларының Бүкілодақтық II съезіндегі баяндамасында Жамбылдың соғыс кезіндегі поэзиясының қуатты поэзия болғандығын атап көрсеткен адамның аты - жөнін атаңыз.
Р. Роллан.
А. Толстой.
А. Сурков.
Н. Тихонов.
А. Нексе.
3. Кердері Әбубәкір Шоқанұлының туған жылын көрсетіңіз.
1818 жыл.
1841 жыл.
1845 жыл.
1858 жыл.
1843 жыл.
4. Кердері Әбубәкір Шоқанұлының шығармасын табыңыз.
«Алдаушы жалған».
«Әттең, бір қапы дүние - ай».
«Мұң».
«Заманның опасыз халіне айтқаны».
«Анама хат».
5. Керекті сөзді қойып, толықтырыңыз.
Ешкі сүйеді баласын «…» деп,
«Тастан – тасқа секірген шұнағым» деп.
Лағым.
Қозым.
Боташым.
Бұзауым.
Құлыным.
6. Кім айтқанын белгілеңіз.
"Көп сөйлеме - азбен келтір иінін.
Бір сөзбен шеш, түмен сөздің түйінін".
Ахмет Яссауи.
Әбу Нәсір Әл - Фараби.
Ж. Баласағұн.
М. Қашғари.
А. Иүгінеки.
7. Кімде - кім хикмат (философия) білімін оқып үйренуге кіріспек болса, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс, әдепті, қайырымды адам болуы
керек, - деген пікірді айтқан –
Жүсіп Баласағұни.
Әл - Фараби.
Қожа Ахмет Яссауи.
Әбу Әли ибн Сина.
Махмұд Қашқари.
8. Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.
Ағайынның аразы,
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы,
Ауыл сәнін кетірер.
Абай.
Үмбетей.
Төле би.
Бұқар.
Сырым батыр.
9. Кімнің сөзі екенін табыңыз.
- Қорықпа! Сиырларды ащы құдықтың басына айдап барып, жалғыздап суар да, суарғаныңды сол жерде айналдырып қуа бер, әуелі ішінің қармауы кетер, онан кейін жын аралас су кетер, ең соңында қара судың өзі кетер....
("Жиреншенің хан сынағына түскені")
Жиренше.
Қарашаш.
Жұрт.
Қарлығаш.
Хан.
10. Кісі қайтыс болғанда айтылатын салт өлеңдерін көрсетіңіз.
Сыңсу.
Жар - жар.
Беташар.
Жоқтау.
Той бастар.
11. Костылецкий, Гонсевский деген адамдардың Ш. Уәлихановқа қатысын табыңыз.
Ниеттестері.
Таныс емес.
Ұстаздары.
Достары.
Пікірлестері.
12. Көбеевтің «Үлгілі бала» кітабы қандай еңбек екенін табыңыз.
Орта мектеп балалары үшін оқу кітабы.
Өлеңдер жинағы.
Ертегілер жинағы.
Бастауыш мектеп балалары үшін оқу кітабы.
Мысалдар жинағы.
13. Көзі жұмыққа - арзан, Көзі ашыққа - маржан, - көркемдік бейнелеудің қай түрі екенін белгілеңіз.
Антитеза.
Метонимия.
Литота.
Эпитет.
Гипербола.
14. Көне дәуірдегі тіл білімінің басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбекті белгілеңіз.
«Хибатул - хақайық».
«Құтты білік».
«Диуани лұғат ат - түрк».
«Диуани хикмат».
«Қисса - сул әнбия».
15. Көне заман ескерткіштерінің жазылу тілінің бірі шағатай тілі делінеді, оның қандай тіл екендігін көрсетіңіз.
Қазақ - қырғыз тілінің араласқан түрі.
Араб, парсы тілі араласқан түркі ру тайпасының кітаби тілі.
Ұйғыр тілі.
Түрік - қазақ тілінің араласқаны.
Араб, парсы тілі.
16. Көне түркі жазуын алғаш оқыған ғалымды белгілеңіз.
С. Ремезов.
В. Радлов.
Н. Видзен.
В. Томсен.
Н. Ядринцев.
17. Көркемдегіш құралдың қай түрі екенін анықтаңыз.
- Күндердің күні болғанда, күн артынан күн жеткенде, ай артынан ай, жыл артынан жыл өтіп, темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей болып, өлдім - талдым, өштім - жандым...
Метафора.
Омоним.
Қайталау.
Символ.
Синекдоха.
18. Көсемсөз деген ұғымның мағынасын анықтаңыз.
Сан салалы жанр арқылы жасалған дүние.
Ұран сөздер.
Жазушылардың өмір шындығын суреттеу ерекшелігі.
Әр күнгі уақиғаны тізіп отыратын дәптер.
Әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы.
19. Көшпелі қазақ тұрмысын қанағат тұтқан ақындар тобын көрсетіңіз.
М. Абайұлы, Ш. Құдайбердіұлы.
Қ. Мырзалиев, М. Мақатаев.
Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев.
С. Торайғыров, С. Дөнентаев.
Ш. Қанайұлы, М. Мөңкеұлы.
20. Күлтегін жырының негізгі тақырыбын анықтаңыз.
Діни.
Махаббат.
Достық.
Мемуарлық.
Ерлік, ел қорғау.
21. Күлтегін, "Тоныкөк" дастандары қай ғасырдың туындысы екенін анықтаңыз.
VІ - VІІІ ғ. ғ.
ІІІ - ІV ғ. ғ.
ІX - XІІ ғ. ғ.
ІV - V ғ. ғ.
XІ - XІІІ ғ. ғ.
22. Күлтегін, "Тоныкөк" дастандарының тастағы жазулары қай жерден табылғанын анықтаңыз.
Жерорта теңізі аңғары.
Балқаш аңғары.
Ертіс аңғары.
Орхон - Енисей өзендері аңғары.
Іле аңғары.
23. Күлтегін, "Тоныкөк" жырларын жазған кім екенін белгілеңіз.
Білге қаған.
Яссауи.
Қорқыт.
Иоллығ тегін.
Тоныкөк.
24. Күншілдер өледі,
Көңілін от қарып;
Батырлар өледі,
Борышын атқарып;
Бұзықтар өледі,
Пышаққа құлшынып. - Бұл өлеңде қандай тәсіл пайдаланылғанын белгілеңіз.
Эпитет.
Кейіптеу.
Қайталау.
Синекдоха.
Форма.
25. Қ. Аманжоловтың іштей ойлану, толғану сыры сияқты, кейінге қалдырған аманат сөзіне ұқсайтын шығармасын белгілеңіз.
«Қарыздар болмай өлейік».
«Өзім туралы».
«Көкшетау».
«Сыйса егер өмір сыры бір жаныңа».
«Туған жер».
26. Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың комедиясын табыңыз.
«Тойдан қайтқан қазақтар».
«Қуырдақ дайын».
«Құдағи келіпті».
«Беу, қыздар - ай».
«Той боларда».
27. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал тау асып, шекара бұзып, туған жерге өтісімен не істегенін табыңыз.
Отырып тамақ ішті.
Ауылдағы адамдарға жолықты.
Жер ананы құшақтап сүйе берді.
Шекарашыларға берілді.
Ата - бабалар зиратына құран оқыды.
28. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың туған жерге не үшін оралғысы келгенін табыңыз.
Ашаршылықтан құтылу үшін.
Туысқандарына жолығу үшін.
Қайтадан жаңа өмір бастау үшін.
Туған жерге жетіп өлу үшін.
Жаулардан құтылу үшін.
29. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың шекарадан өтіп, атамекендегі ескі қыстауға кіргенде не істегенін табыңыз.
Бойтұмарын алып, сөгіп, ішіндегі бір уыс топырақты төкті.
Өткен өмірін ойлай бастады.
Су ішіп есін жинады.
Шекпенін төсеп, үстіне жантая кетті.
Алаңсыз ұйқыға кетті.
30. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» туындысында жалғыз шалдың неге шегара бұзып, тау асып келе жатқанын табыңыз.
Мал ұрлау үшін келеді.
Туған жеріне келеді.
Түрмеден қашып келеді.
Адасып келеді.
Жаулардан қашып келеді.