Меню сайта
Авторизация
Карта ответов
Скрыть панель
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Проверить
Показать ответы
Начать заново
Новости
Тесты
Математическая грамотность
Грамотность чтения
История Казахстана
Биология
География
Математика
Родной язык и литература
Физика
Всемирная история
Английский язык
Немецкий язык
Французский язык
Химия
Человек. Общество. Право.
Ответы
Гранты
Средне-специальное
Бакалавриат
Таблица грантов
Магистратура
Таблица грантов
Резидентура
Докторантура
Специальности
Бакалавриат
Главная
Тесты ЕНТ старый формат
Қазақ әдебиеті
Вариант 8
Предыдущий вариант
Следующий вариант
1. Қазақ тіліндегі 9 сөз табын алғаш сұрыптаған ғалымды белгілеңіз.
С. Кеңесбаев.
А. Байтұрсынов.
Ш. Уәлиханов.
Т. Қордабаев.
М. Әуезов.
2. Жаңыл, Жәмила, Зылиха, Рысты атты бақытсыз әйел кейіпкерлері бар С. Торайғыров туындысын табыңыз.
"Кедей".
"Қамар сұлу".
"Кім жазықты".
"Қыз көрелік".
"Адасқан өмір".
3. Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" драмасына автордың өзі енгізген әдеби бейнені табыңыз.
Сердәлі.
Жантық.
Қозы.
Қарабай.
Қодар.
4. Ирония дегеніміз:
Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеу.
Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
Көркем шығармада өмірдің жағымсыз жақтары мен құбылысын күлкі ете, мысқылдай суреттеу.
Сөздерді қарама - қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану.
Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу.
5. 1920 - 1930 жылдар әдебиетіндегі дарынды, бірақ өмірі қысқа болған ақын қызды табыңыз.
Мариям Хәкімжанова.
Сара Тастанбекқызы.
Сара Есова.
Шолпан Иманбаева.
Алма Оразбаева.
6. Сайф Сараидың «Гүлстан бит - туркі» неше тараудан тұратынын белгілеңіз.
Сегіз.
Он.
Алты.
Он екі.
Жиырма.
7. Қазтуған жыраудың шыққан тегін анықтаңыз.
Кедей.
Хан.
Дана.
Шонжар.
Қара.
8. Бұқар жыраудың «Мен - өгіз терісі талыспын» деген өлең жолындағы «талыс» сөзінің мәнін ашыңыз.
Қоржын.
Шеберлік аспаптарын салатын сірі - көн ыдыс.
Қымыз құятын тері ыдыс.
Аяқ киім тігетін мықты жіп.
Қамшының бір түрі.
9. Кердері Әбубәкір Шоқанұлының шығармасын табыңыз.
«Заманның опасыз халіне айтқаны».
«Әттең, бір қапы дүние - ай».
«Анама хат».
«Мұң».
«Алдаушы жалған».
10. Қыз қуатын жігітке ат беремін,
Жанам деген жүрекке от беремін.
Мен әйтеуір бар жиған - тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін. Үзінді қай ақынның өлеңінен алынғанын табыңыз.
Әбділдә Тәжібаев.
Мұқағали Мақатаев.
Сырбай Мәуленов.
Ғафу Қайырбеков.
Төлеген Айбергенов.
11. Ынтымақ, бірлік тақырыбына жазылған мақалды анықтаңыз.
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Оқу түбі – тоқу.
Өз үйім - өлең төсегім.
Кеңеспен пішкен тон келте болмас.
12. Абайдың өнер - білім тақырыбындағы өлеңін белгілеңіз.
«Күзімнің қарасы».
«Интернатта оқып жүр».
«Ал, сенейін, сенейін».
«Қыс».
«Бойы бұғаң».
13. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер жинағын табыңыз.
«Қазақ салты».
«Маса».
«Жиған - терген».
«Қырық мысал».
«Қазақ қалпы».
14. Ақбілектің ең жақын жеңгесінің есімін белгілеңіз.
Кәмила.
Күмсінай.
Бозінген.
Өрік.
Ұрқия.
15. Бейімбет Майлиннің өлеңін көрсетіңіз.
«Қазақ қалпы».
«Пайғамбар».
«Сыр сандық».
«Жетісу суреттері».
«Мырқымбай».
16. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.
"Диуани хикмет".
"Оғыз - нама".
"Құдатғу біліг".
"Мұхаббат - наме ".
"Кодекс - Куманикус".
17. Шөк! деп қандай малға айтылатынын анықтаңыз.
Ешкіге.
Жылқыға.
Сиырға.
Қойға.
Түйеге.
18. «Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін,
Адамзат озар емес өз басыңнан», - деген сөздерді қай айтыс ақыны кімге арнап айтқанын табыңыз.
Омарқұл Тәбияға.
Мұрат Жантөліге.
Біржан Сараға.
Әжек Шәріпжамалға.
Әсет Рысжанға.
19. Ор, ор қоян, ор қоян... қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.
Ақтамберді.
Доспамбет.
Қазтуған.
Үмбетей.
Шалкиіз.
20. Атасы Балқожа бидің немересі Ыбырайға арнап жазған өлеңінің аты қалай аталатынын көрсетіңіз.
Жазған жоқ.
"Арман".
"Сегіз аяқ".
"Бес нәрседен қашық бол".
"Үміт еткен көзімнің нұры, балам".
21. І. Жансүгіровтің қай шығармасында Ақан сері туралы айтылатынын табыңыз.
"Құлагер".
"Мәйек".
"Жаңа туған".
"Рүстем қырғыны".
"Күй".
22. Ә. Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романында қай өңір балықшыларының трагедиялық өмірі суреттелетінін көрсетіңіз.
Жайық өңірі балықшылары.
Балқаш балықшыларының жағдайы.
Каспий балықшыларының тұрмысы.
Арал балықшыларының өмірі.
Алакөл балықшыларының тіршілігі.
23. Жалынды поэзиясына әлем жұртшылығы құлақ түрген ақынды табыңыз.
Т. Жароков.
М. Әлімбаев.
О. Сүлейменов.
А. Тоқмағамбетов.
Т. Айбергенов.
24. Қорқыт ата кітабында неше жыр бар екенін анықтаңыз.
16 жыр.
12 жыр.
7 жыр.
18 жыр.
10 жыр.
25. Мыстан кемпір қатысатын эпостық жырды белгілеңіз.
«Алпамыс батыр».
«Қыз Жібек».
«Қобыланды батыр».
«Қамбар батыр».
«Ер Тарғын».
26. Мен кескекті ердің сойымын,
Кескілеспей басылман, - деген жолдар Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
"Мұнар күн".
"Баймағамбет сұлтанға айтқаны".
"Тарланым".
"Ұлы арман".
"Махамбеттің Жәңгір ханға айтқаны".
27. Сағынам, ауызға алсам Исатайды,
Ер тумас ел жағынан ондай жайлы, - деп жырлаған ақынды атаңыз.
Шернияз.
Байтоқ.
Жанұзақ.
Махамбет.
Шалкиіз.
28. Шоқан жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, Европаға ашқан терезе" сықылды болды", - деген сөздің авторын табыңыз.
Ф. Достоевский.
Н. Костылецкий.
Г. Потанин.
И. Березин.
С. Дуров.
29. Ш. Құдайбердиевтің қай поэмасында Нысан абыз бейнесі кездеседі?
"Медғат - Қасым".
"Ләйлі - Мәжнүн".
"Нартайлақ - Айсұлу".
"Қалқаман - Мамыр".
"Еңлік - Кебек".
30. 1916 жылғы көтеріліске арнап Жамбыл қандай өлеңдер жазғанын белгілеңіз.
"Сұраншы батыр".
"Майданға хат".
"Зілді бұйрық".
"Өтеген батыр".
"Алынбас қалам".